• Пт. Июн 20th, 2025
Популярные метки

БӘЙДІБЕК: АУДАНЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ

Автор:admin

Июн 4, 2025
Spread the love
Бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Бәйдібек аудандық мәдениет үйінде салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.
Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран – еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігінің айшықты нышандары. Бұл айтулы датаға арналған мерекелік жиын елдік рухты көтеріп, мемлекеттік нышандарға деген терең құрметті айшықтады.
Салтанатты жиын барысында Бәйдібек ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушысы Қырғызалиев Бақыт Тұрсынәліұлы құттықтау сөз сөйлеп, барша аудан тұрғындарын мерекемен құттықтады. Ол өз сөзінде мемлекеттік рәміздердің маңыздылығына тоқталып, ел бірлігі мен тұтастығын бейнелейтін қасиетті құндылықтар екенін атап өтті.
— Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің тәуелсіз мемлекетіміздің бет-бейнесі, халқымыздың рухы мен болмысының көрінісі. Оларды құрметтеу – әр азаматтың парызы, – деді Бақыт Тұрсынәліұлы.
Сонымен қатар мереке қарсаңында ауданымызда әр салада қызмет атқарып жүрген бірқатар қызметкерлер марапатталды.
Іс-шараға аудандық мемлекеттік қызметшілер, зиялы қауым өкілдері, жастар мен аудан тұрғындары қатысты. Жиын барысында патриоттық әндер шырқалып, мәдениет үйінің өнерпаздары өнер көрсетті.
Бұл күн – ел тарихындағы ерекше күндердің бірі. Мемлекеттік рәміздерге деген құрмет — ұрпаққа тағылым, елге қызмет етудің жарқын көрінісі. Осындай рухты іс-шаралар жастардың бойында отансүйгіштік пен елжандылықты қалыптастыруға зор ықпал етеді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика