Түркістан облысы, Қазығұрт ауданының білім бөлімінің Ж.Есіркепов атындағы жалпы білім беретін мектеп КММ-де 2024-2025 оқу жылының қорытындысы бойынша мектеп бітірушілеріне арналған «АТТЕСТАТ ТАПСЫРУ» салтанатты іс-шарасы өткізілді.
Аттестат тапсыру кеші – әрбір мектеп түлегінің өміріндегі маңызды сәттердің бірі. Бұл кеш – балалық шақпен, мектеппен қоштасу, үлкен өмірге алғашқы қадам жасау сәті. Ұстаздар мен ата-аналардан алғыс алып, достармен бірге соңғы рет мектеп қабырғасында жиналу – бұл ұмытылмас естеліктерге толы кеш. Әрбір түлек болашаққа үмітпен қарап, армандарына бір қадам жақындайды. Аттестат – тек бір құжат емес, ол жылдар бойы төгілген еңбек пен табандылықтың жемісі.
Қоштасу кеші – өмірдің жаңа беті!
Бүгін мектеппен қоштасып, үлкен өмірге қадам басқан түлектерімізді мектеп директоры Молдасапаров Айбек Мықтыбайұлы құттықтап, сәт сапар тіледі.
Іс шараға Жігерген а/о әкімі Нұралиев Фахат Рысбекұлы, Рахаев Нұрғали Баймаханұлы арнайы қатысып оқушыларға ізгі тілектерін білдірді.
2024-2025 оқу жылында 9-сыныпты бітірген 20 оқушыдан:
— 4 оқушы үздік аттестат иелері атанды.
— 11-сыныпты бітірген 15 оқушыдан
— 1 оқушыға Қылышбек Әділет алтын белгі иегері. Жарылқап Манасқа үздік аттестат тапсырылды.
Әр күндеріңіз сәттілікке, әр қадамдарыңыз нық сенімге толы болсын!
Армандарыңыз орындалып, еліміздің абыройлы азаматтары болыңыздар!
Ақ жол, жас түлек!
