• Вт. Ноя 26th, 2024
Популярные метки

Білікті дәрігер, білгір маман

Автор:admin

Ноя 8, 2023
Spread the love

Уақыт өтеді, заман өзгереді, бір заңдылық сақталады – білікті, білімді адамдар әр заманда қажет. Медицинада тәжірибелі маманның орны бір бөлек. Ем өздігінен берілмейді, қарапайым екпе де өзідігінен салынбайды. Бүгінгі жаңа технологиялар, компьтерлер қаншалықты дамыған заман болса да, адамның жұмысын компьютер жасап бермейді. Білімді, әрі білікті дәрігерлер әрдайым қажет. Сондықтан бүгін де, ертең де медицинаны майталман мамандарсыз елестету мүмкін емес.

Біздің кейіпкеріміз Сеитова Уржамал Бийсенбаевна 36 жылдан бері денсаулық сақтау саласында жұмыс істеп келе жатқан тәжірибелі дәрігер. Гүлшат Жолынбекқызы – өз ісіне берілген маман. Адам бойында мейірімділік, жауапкершілік, адалдық және тұрақтылық сияқты қасиеттер болу керек деп түсінеді. Ол медицинаға 18 жасында адамдарға көмектесем, дәрігер болам деп келді. Содан бері медицина саласы бойынша білім алып, қызметін адалдықпен, үлкен жауапкершілікпен атқарып келеді.

Сеитова Уржамал Бийсенбаевна Өзбекстан Республикасы Хорезм облысы Үргенші қаласында дүниеге келген. Орта мектепті бітірген соң, бала кезіндегі арманы Уржамалды Ташкент қаласындағы Ташкент Мемлекеттік Медицина Институтына жетеледі. 1980-1986 жылы Емдеу ісі (терапевт) мамандығын оқып бітіріп, одан кейін фтизиатр мамандығы бойынша интернатураны тәмамдады.

Еңбек жолын Хорезм облысында Облыстық туберкулез диспансерінде фтизиатр болып бастаған кейіпкеріміз одан кейін Түркіменстан Республикасы Чаржау облысы Газ-ошақ ауылында терапевт мамандығы бойынша жұмыс жасады. Балаларының өз отанында білім алып, өмір сүруін қалаған ана ата отанына қоныс аударды. Осылайша, 2007 жылдан бастап қазіргі кезге дейін Жетісай аудандық орталық ауруханасына қарасты Жетісай қалалық емханасында жалпы тәжірбиелі дәрігер болып қызмет атқаруда. Уржамал дәрігердің  жолын қуған балалары да дәрігер болып жұмыс жасайды. э

Өз мамандығына адалдықпен қарайтын маман халыққа қызмет етуден, көмектесуден шаршамай, аянбай еңбек етуде. Жоғарғы дәрежелі дәрігер. 2021 жылы Қазақстан Республикасының президенті Қ.К.Тоқаевтың атынан тәуелсіздіктің 30-жылдығына орай медальімен марапатталдым. 2023 жылы медицина қызметкерлер күніне орай «Алтын дәрігер «медальімен марапатталдым. Жас буын дәрігерлерге өз тәжірбиесімен бөлісіп, үйретуде.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика