• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

«БІЗДІҢ МАҚСАТЫМЫЗ – ХАЛЫҚТЫҢ СЕНІМІНЕ ИЕ БОЛУ» (-1-)

Автор:admin

Июн 22, 2024
Spread the love

Түркістан облысы құрылғалы өңіріміз қылмысы ең аз өңірлердің қатарынан түскен емес.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тәртіп сақшыларымен кездескен сайын полицияның ашық болуын, ол үшін халықпен тығыз байланыс жасау қажеттігін үнемі естеріне салып отырады. Облыс полицейлері бүгінде Президент айтқан тапсырмаларды мүлтіксіз орындап келеді. Соның бір дәлелі, Түркістан облысы құрылғалы өңіріміз қылмысы ең аз өңірлердің қатарынан түскен емес.
Әрине, мұндай көрсеткіштерге қол жеткізуіміз біріншіден ҚР Ішкі істер министрлігінің берген бағыт-бағдары мен жеке құрамның тынымсыз қызмет етуінің нәтижесі деп білемін. Облыс тұрғындары да тәртіп пен заңға үйреніп, полицияға ұдайы қолдау білдіріп келеді. Мемлекет қолдауының арқасында облыс полициясы 4 қабатты жаңа ғимаратқа жайғасып, сапалы да жаңа техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілді.
Профилактикалық жұмыстарды күшейтудің және полицияның күшейтілген режимде қызмет атқаруының нәтижесінде бүгінде тұрғындарға сапалы қызмет көрсететін тәжирибелі сақшылардың қатары артты. Полиглот полицейлер мен полицейлер династиясы да көбейіп келеді. Қызметіне адал сақшыларды қалыптастыру мақсатында жас мамандардың заңды сақтауына ерекше көңіл бөлініп, тәлімгерлер кеңесі құрылды. Олармен бірге ауқымды жиындар өткізіліп, полиция қызметкерлеріне тәжірибелік сабақтар ұйымдастырыла бастады. Мұның барлығы тұрғындармен етене жұмыс істеудің нәтижесі.
Полиция қызметкерлерінің арасында ерлік жасап, адам өмірін құтқарып қалған жағдайлар да аз емес. Қоғамның қауіпсіздігі мен халықтың тыныштығын күзету кезінде қаншама сақшыларымыз батырлық әрекеттерімен көзге түсіп, қылмыскерлерді құрықтап жүр…

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика