• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

БУЛЛИНГ, ЛУДОМАНИЯНЫҢ АЛДЫН АЛУҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ (5)

Автор:admin

Сен 18, 2024
Spread the love

Қоса кететін, алкоголь адам ағзасын уландырады. Ол зат алмасуын бұзады, ағзаның инфекцияларға қарсы тұруын төмендетеді, іс жүзінде барлық мүшелерді, әсіресе бауыр, ми, жүрек, бүйрек, ішкі секреция бездерін соның ішінде жыныстық мүшені зақымдайды. Адамның уақытынан бұрын қартаюына да бірден-бір себепшісі. Миға сіңген спирт нерв клеткаларын уландырады, одан ойлау қабілеті бұзылып, рухани ауыр халге ұшырайды. Отбасындағы зорлық- зомбылық оқиғаларының үштен екісі және балалардағы қатігездіктің үштен бірі ата-аналардың маскүнемдігіне байланысты болып келеді екен. Бақытсыз жағдайлардың, адам өлтірудің, өзіне қол жұмсаудың 50 пайызы тікелей алкогольге тәуелділіктен туындайтыны да бесенеден белгілі. Жарнама бізге таңдауға 3 жолды: «мәдениетті» ішуді, араққа салынып кетіп алкоголик болуды немесе сау өмір сүруді ұсынады. Көбі «мәдениетті» іше бастайды, алайда алкогольдік тәуелділікке дейін байқамай… өз тағдырын күн сайын бұза отырып, араққа салынады.
Тұтынылатын алкоголь мөлшері мен денсаулық жағдайы: алкогольдік сусындарды тұтыну ұлғайғанда және денсаулыққа зиян келтірілгенде тікелей тәуелділікте болады. Алкогольді тұтынудың қауіпсіз шегі болмайды, өйткені азғантай дозаның өзі денсаулық жағдайында күрделі ауытқуларға әкеп соқтыруы мүмкін.
Маскүнемдік — алкогольді ішімдіктерді жүйелі түрде қолданудан туындаған, оларға патологиялық тартымдылықпен, психикалық және физикалық тәуелділіктің дамуымен сипатталатын ауру. Ішімдік адам ағзасына еніп, қан қысымының жоғарылауына ықпал етеді. Адам неғұрлым көп ішсе, қан қысымы соғұрлым жоғары болады…

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика