• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

БИЫЛ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АҒЫН СУ ТАПШЫЛЫҒЫ БОЛМАЙДЫ

Автор:admin

Июн 4, 2024
Spread the love

Бүгінгі таңда Түркістан облысы бойынша суармалы жердің жалпы көлемі — 552 мың гектар. Өңір республикада егін егу саласында алдыңғы қатарда. Жыл сайынғы су тапшылығы мәселесі биыл оң шешімін тауып отыр. Қазіргі уақытта «Қазсушар» РМК ТФ мекемесі арқылы ағын сумен 332 мың гектар егіндік жер қамтамасыз етіледі. Бүгінде филиалдың су нысандары арқылы егістікті суғаруға бөлінген ағын су көлемі — 871,06 млн текше метр құрап отыр. Бұл жайында «Қазсушар» РМК Түркістан филиалының директоры Қазыбек Бедебаев брифингте мәлімдеді.

«Қазсушар» РМК тарапынан 2024 жылғы егіндікті суғару маусымына дайындық барысында былтыр арнайы техникаларымен жалпы ұзындығы 616 шақырымды құрайтын 204 каналға механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, биыл арналардың 302 шақырымына механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде облыс аумағындағы егістік алқаптарға ағын су жеткізу мүмкіндігі артты,- деді Қазыбек Қошқарбекұлы.

Мекеме су тұтынушылармен тікелей келісім-шарт жасау арқылы ағын су жеткізу қызметін аттыра түспек. Осы бағытта «Қазсушар» РМК Түркістан филиалына қосымша 177 қызметкер жұмысқа қабылданған. Айта кетерлігі, қазіргі таңда филиалға қарасты барлық 18 суқоймада жинақталған су қоры 5497,371 млн текше метрді құрайды.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика