• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

БИЫЛ ЕРЕКШЕ ЖАНДАРҒА КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТ ТҮРІНІҢ КӨЛЕМІ ҰЛҒАЙДЫ

Автор:admin

Сен 20, 2024
Spread the love

Шымкент қаласында қазір 41 479 мүгедектігі бар азамат тіркелген. Биыл ерекше күтімді қажет ететін азаматтардың қажетті құрал жабдықтармен қамтылуы ұлғайды. Мүгедектігі бар азаматтарға қажетті құралдар мен қызметтерге тапсырыс беру әлеуметтік қызметтер порталы арқылы жүзеге асырылады. Яғни, ерекше жандар өзінің электрондық қолтаңбасын (ЭЦҚ) пайдалана отырып, жеке оңалту парағында бекітілген қызметтерді қолдана алады.
Жыл басынан бері 4 739 мүгедектігі бар адамға протездік-ортопедиялық құрал берілді. Мұндай құралдар 2023 жылы 1 176 адамға берілген болатын. Өткен жылы сурдо-техникалық, тифлотехникалық, гигиеналық құралдармен 5 190 мүгедектігі бар адам қамтылса, биыл 15 700 адамға жетті.
Тірек-қимыл апаратында бұзылысы бар ерекше жандарға жыл басынан бері 1 017 қол арба берілді. 2023 жылы мұндай қол арба 445 адамға үлестірілген болатын. Сонымен қатар, жеке көмекші, ымдау тілі маманы қызметін осы жылы 2 785 адам пайдаланып отыр. Ал, өткен жылы мұндай қызмет түрі 1 963 адамға көрсетілген еді.
Мүгедектігі бар азамттарды сауықтыру-шипажайымен қамту бағытында да өсім бар. Өткен жылы 2 150 мүгедектігі бар азамат сауықтыруға жолданса, биыл 7 166 ерекше жанға шипажай жолдамасы берілді. Сондай-ақ арнайы жабдықталған «Инватакси» қызметіндегі 28 көлік 453 мүгедектігі бар жанға қызмет көрсетуде. Ал, 2023 жылы 350 адам арнаулы көліктің қызметін қолданған еді.
Қазір елімізде мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қам­тамасыз ету, өмір сүру сапа­сын жақсарту жөніндегі 2025 жыл­ға дейінгі ұлттық жоспар, «Аmanat» партиясының 2023–2027 жыл­дарға арналған жол картасы, Мем­лекет басшысының тапсырмасымен әзірленген «Халықпен бірге» жобасы іске асырылып жатыр. Партия жол картасында 2023–2027 жылдар аралығында Интерактивті қолжетімділік картасына енгізілген 35 мыңнан ас­там нысанды бейімдеу көзделген. Жыл сайын нысандардың 20 %-ы бейімделуге жатады.
Соның ішінде осы жыл­дың соңына дейін Солтүстік Қазақстан облысында 634 нысанды бейімдеу жоспарланған, алайда жос­пар артығымен орындалып, жо­ғарыда айтқа­нымыздай, 678 ны­санда бейім­деу жұмысы жүргізілді. Соның ішінде 186 – мемлекеттік ұйым­да, 73 – ден­саулық сақтау, 215 – білім беру, 45 – мәдениет, 81 – сау­да, қыз­­мет көрсету, 18 – спорт, 7 – әлеуметтік қорғау, 7 – кө­лік инфрақұрылымы нысанын­да, 5 – қоғамдық тамақтану орнында, 41 тағы басқа жерде мүгедектігі бар адамдардың барлық санат­тарына түрлі қыз­меттер қолжетімді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика