• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

БИЗНЕСТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІ АЯСЫНДА ЕСКІ ТРАНСФОРМАТОРЛАР ЖАҢАРТЫЛАДЫ

Автор:admin

Июл 24, 2024
Spread the love

Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Қазақстандағы және Орталық Азиядағы ең ірі электр компаниясы “Alageum Electric” директорлар кеңесінің төрағасы Еркебұлан Ілиясовпен кездесті. Кездесу барысында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.
Басты мақсат – Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ететін тұрақты әрі тиімді энергетикалық жүйе құру.
Мегаполис басшысы қалада халықты электр қуатымен қамту жұмыстарында қиындықтар бар екенін атап өтті. Әрі бұл мәселе тұрғындардың қолайлығы үшін маңызды рөл атқарады. Қала күн сайын өсіп, жаңа шағынаудандар мен әлеуметтік нысандар бой көтеріп жатыр. Сәйкесінше электр желілеріне де жүктеме артып келеді. Бұған ескі трансформаторлардың қуаты жеткіліксіз, әсіресе жауын-шашын кезінде халықты әбігерге салады. Өйткені, трансформаторлардың басым бөлігі 1970 жылдары іске қосылған.
Компания бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында қала әкімдігіне қарасты тозығы жеткен трансформаторларды ауыстырып, күрделі жөндеу жүргізу жұмысын өз міндетіне алып отыр. Бұдан бөлек, қаланы электр қуатымен қамтамасыз етуде негізгі артериялардың бірі саналатын «Бозарық» қосалқы станциясындағы трансформаторлар да жөндеуден өтеді.
Айта кетейік, ескі трансформаторларды ауыстыру қала тұрғындарына электр энергиясын жеткізу бойынша сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік береді, әрі авариялық апат қаупін азайтады.
Кездесу соңында мегаполис басшысы қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуында бизнестің маңызды рөл атқаратынын айтып, компания басшылығына маңызды жобаларды жүзеге асырудағы белсенді ұстанымы үшін алғысын білдірді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика