Келес аудандық полиция бөлімінің бірқатар қызметкерлері Отбасы күніне орай Көші қон қызметі тобының инспекторы полиция майоры, көп балалы ана Гүлжан Арапбекқызы Құралбекованың отбасына барып, мерекемен құттықтап, арнайы сый–сияпаттарды табыстады, деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.
Отбасында сегіз баланы тәрбилеп, өсіріп отырған ардақты ана, аяулы жар Гүлжан әпкеміз қызмет пен отбасын қатар алып жүре отырып, өз еңбек жолында жетістіктерге жете білген білікті маман.
Ата-ананың, басқа да отбасы мүшелерінің өмір сүру тәжірибесі, жүріс-тұрысы, өз міндеттерін таза атқару, бір-бірін құрметтеп сыйлауы – бәрі де үлкен мектеп, тәрбиелік мәселе. Отбасынан тыс та тәрбие бар. Қазақ «Ұлың өссе, ұлы жақсымен, қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас, көршілес бол»,- деген қағиданы ұстанған полицей Гүлжан әпке жолдасы Арманмен бірге балаларына жан-жақты тәрбире беруден жалыққан емес.
Кездесу барысында, полиция майоры Гүлжан әпке отбасы күніне орай құттықтап келген әріптестеріне алғысын білдіріп, осындай жауапты қызметті абыроймен атқаруға және қоғамға қалтықсыз қызмет етуге сөз берді.
Бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемде тербететін аналарымыз аман болсын!