• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

«БЕРЕКЕЛІ ОТБАСЫ»СУРЕТ БАЙҚАУЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Автор:admin

Сен 8, 2024
Spread the love

Балаларды отансүйгіштікке, салт дәстүрді құрметтейтін ұрпақ етіп тәрбиелеу мақсатында Отбасы күніне орай Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен қызметкерлердің балалары арасында сурет салудан байқау өтті.
«Берекелі отбасы» тақырыбында өткен бұл байқауға 12-жасқа дейінгі балалар қатысты. Жарыста өзінің қабілетімен топ жарған полиция капитаны Болат Бөпібековтің ұлы Намазбай Ернұр І-орынды иеленді. Екінші орын полиция майоры Адилбек Букеновтің қызы Жолдасбек Нуриллаға бұйырды. Жүлделі үшінші орынға полиция капитаны Ержан Датқаевтың Абсаттар Кәусар лайық деп танылды.
Шараға қатысқан балаларға ынталандыру сыйлықтары мен Мақтаарал аудандық полиция бөлімі бастығының Алғыс хаты табысталды.
Бақытты балалар бақытты отбасында өседі дейді халқымыз. Бала – ата-ананың қолындағы аманат. Олардың жүректері пәк, таза, гауһардай құнды сақтау ата -ананың басты міндеті, деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика