• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

БЕКТАЕВА ЖАНАР ӘЛІБЕКҚЫЗЫ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Автор:admin

Апр 20, 2023
Spread the love

“AMANAT” партиясы Шымкент қалалық филиалының атқарушы хатшысы Бектаева Жанар Әлібекқызы қоғамдық қабылдау өткізді. Қалалық мәслихат депутаты келген тұрғындардың айтарына құлақ түрді.
Бүгінгі қабылдауға келіп түскен өтініштердің көп бөлігі әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты сұрақтар болды. Әсіресе, әлеуметтік көмек, жұмыспен қамту төңірегіндегі өтініштері. Жол мәселесін көтеріп, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына байланысты мәселелермен келген азаматтар да бар.
Онлайн байланыс арқылы қоғам белсендісі Сейдалы Дүйсебайұлының да шағымы тыңдалды. Ономастика тұрғысынан байырғы тарихи жер су атаулары жаңа көшелер мен орамдар атауларын қойғанда ескерілсе деген өтініші қаралып, алдағы уақытта назарға алынатын болды.
Тұрғын үймен қамту және жер телімдерін бөлуге қатысты сұрақтармен жүгінген тұрғындар да мазалаған сауалдарына жауап ала алды.
тұрғындар көтерген жеке және жүйелі сипаттағы мәселелерді шешу мен өтініш бойынша партияның Атқарушы хатшысы түсіндіру жұмыстарын да жүргізді. Өтініштердің басым бөлігін Жанар Бектаева тарапынан барлық сұрақтарға түсініктемелер берілді, одан әрі шешім бақылауға алынды.
Ж.Бектаева тұрғындармен кері байланыс жасау ісін күшейту, аймақтарда депутаттық фракциялардың тиімділігін арттыру және партияның жастар қанатын жаңғырту қажеттігіне баса мән беретіндігі мен қаламыздың тұрғындарын толғандырған мәселелерді шешу үшін «Amanat» партиясында барлық қажетті ресурс бар екенін атап өтті.
Партияның Шымкент қалалық филиалы осы мәселеде негізгі рөл атқаруға қажетті жұмыс жасайтынын және өз деңгейінде мазмұнды қоғамдық диалогты нығайтуға шақырды.
Айта кетейік, қоғамдық қабылдау бөлімдеріне өтінішін айтып, көмек сұрап келетіндер саны артуда. Өткен жылы партияға 10 мыңға жуық адам әр түрлі жағдаймен келсе, жыл басынан бері азаматтар тарапынан 887 өтініш жасалған.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика