• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

БАУЫРЛАС ЕЛГЕ КӨМЕК КӨРСЕТУДЕ ҚАЙЫРЫМДЫ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫДА БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТУДА

Автор:admin

Фев 17, 2023
Spread the love
Түркия еліндегі апатты жағдай ешкімді де бей-жай қалдырмады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша құтқарушылар мен дәрігерлер жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек көрсетуде. Олардың арасында жергілікті мамандар да бар.
Президент тапсырмасы аясында ел аумағында жүргізіліп жатқан қайырымдылық шаралардан шымкенттіктер де шет қалмай жапа зілзаладан жапа шеккен халыққа көмек қолын созып, барынша елдігімізді, бірлігімізді танытуда.
Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек беру мақсатында құрылған арнайы штаб өкілдерін кезекті рет қабылдады. Кездесуде штаб өкілдері қала басшысын қордың жұмысымен таныстырды.
“Қайырымды қала тұрғындары бауырлас елге қамқорлық танытуда жаппай белсенділік танытуда. Бұл біздің ынтымақтастығымызды, татулығымызды айқын көрсетті. Қайғылы жағдайда қалған бауырластарға қолдау көрсетіп, жәрдем еткен жерлестерімізге алғысым зор» — деді қала әкімі.
Осыған дейін қаланың жомарт азаматтары мен кәсіпкерлерінің, ерікті жастарының ұйымдастыруымен 20 тоннадай жылыту пештері, қуаттағыш сияқты түрлі қажетті заттардан құрылған гуманитарлық көмек жөнелтілді. Зілзаладан зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында ашылған арнайы есеп-шотқа 20 миллион теңгеден астам қаражат жиналған. Заттай, қаржылай көмектерді жинақтау жалғасуда.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика