• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

БАСТЫ МАҚСАТ- ЖАСТАРДЫ ШЫҢДАУ

Автор:admin

Сен 12, 2023
Spread the love

Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде жастар басқосқан кездесу болды. Оны ұйымдастыруға Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі , дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері, «AQNIET ақпараттық-насихаттық және оңалту орталығы» мұрындық болды. Бұл туралы R-factor.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Кездесуде жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісім сақтау, ұлт араздығы мен деструктивті діни ағымдардың алдын алу, жастар арасындағы тәрбие, ұлттық құндылықтарды сақтау, әскери борышты өтеу сынды мәселелер айтылды.
Қазіргі кезде аға ұрпақтың елге үлгі болар қай ісін болмасын білімді, белсенді жастар іліп әкетіп, оны өз деңгейінде атқарып, өз замандастарының көшін ілгері бастауда. Кездесуде осындай жастарды үлгі ете отырып, жастар мәселесіндегі жұмыс және оқуға келгенде белсенділік танытпау себептерін анықтау, жастарға көмек беру және кәсіби бағдарлау түрлері, еңбек нарығындағы қажетті мамандықтар, жастарды кәсіпкерлік қызметке оқыту сияқты жастарының қордаланған мәселелері туралы сөз болды.
ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңында мемлекет дін мен діни бірлестіктерден бөлінген деп жазылған. Ешбір дін мемлекеттік немесе міндетті деп бекітілмеген. Сонымен қатар, заңнаманың кіріспесінде ханафиттік ілімдегі дәстүрлі ислам мен православие дінінің Қазақстан халқының рухани өмірі мен мәдениетінің дамуындағы тарихи рөлі көрсетілген және басқа діндерге құрметі ерекше айтылған. Қазақстанда Құрбан айттың бірінші күні мен православие рождествосы демалыс күндері деп белгіленіп мереке ретінде аталып өтіледі. Бұл ережеде діндердің бір-бірінен артықшылығы болмайтындықтан, діни бірлестіктердің тең құқылығын білдіреді. Қазақстандықтардың ұлттық рухани құндылықтарын діни төзімділік, шыдамдылық, мейірбандық, сенімділік, кешірімділік, патриотизм, қонақжайлылық, өзге этностардың салт-дәстүрлеріне деген құрмет, еңбекқорлық, берік дәстүрлі жанұя кіретін, белгілі бір құрылым жасайды. Осы құндылықтардың барлығы қазақтың ділін құрайды. Өзінің ұлттық құндылықтарынан бас тартқан қоғам рухсыз қоғамға айналады. Әрине, бұл жағдайда басты көңіл жастарға бөлініп, олардың бойына рухани-адамгершілік құндылықтарды сіңіру керек.
Соңында жастар өзара пікірлесіп, кейбір түйткілді мәселелердің күрмеуін қалай шешуге болатындығы жөнінде пікірлесті.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика