• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ

Автор:admin

Май 30, 2024
Spread the love

Балалар – біздің болашағымыз, оларды желеп-жебеп жүру — қоғам қамқорлығының басты аспектісі. Бұл күн әр балаға қауіпсіз балалық шақ сыйлап, болашақта бақытты болып, табысқа жетуге көмектесетін білім, қамқорлық пен махаббатқа ие болу мүмкіндігін беру қажеттігі туралы есімізге салады. Біздің қоғам балалардың қауіпсіздігі мен амандығын бірінші орынға қойып, барлық қауіп-қатерден қорғау үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тиіс.
“AMANAT” партиясы “Бақытты отбасы” жобасы аясында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай іс-шаралар легін бастап кетті. Бүгін “AMANAT” партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Жанар Бектаева, мәслихат депутаты, фракция жетекшісі Қайрат Имашев, Қаратау аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Әбдез Иманқұлов және саяси бөлім меңгерушісі Ербол Байқонысов 495 төсек орынға арналған көпбейінді қалалық балалар ауруханасына барып, онда емделіп жатқан бүлдіршіндерді мереке қарсаңында құттықтады. Ең құнды сыйлық — кітап сыйлап, ойыншықтар мен жеміс-жидектер тарту етті. Балалардың анасы көрсетілген көңілге ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.
— Халықаралық балалар күні әлемнің түкпір-түкпіріндегі балаларға қуаныш сыйлайтын мейрам ғана емес, кішкентай балалардың құқығын қорғап, оларға қамқор болуға, әлімжеттік, қысым жасамауға үндейтін мейрам. Қоғамды кемтар, жетім, тұрмысы нашар отбасынан шыққан балаларды қорғауға, қолдауға шақыратын күн. Әрқашан балалар аман болсын! — деді Ж.Бектаева.
Балаларды қорғау күні – бұл балалар үшін тек қуанышты мереке ғана емес, еліміздің ертеңі болар сол балалардың жарқын болашағын қамтамасыз ету маңыздылығын бізге ескерту болып табылады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев балалардың еліміздің басты басымдығы екенін, отбасыларды қолдап, балалардың тәрбиесі мен өсіп-дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасаудың маңыздылығын ерекше атап өтті.
Жас ұрпаққа қамқорлық жасау біздің әрқайсымыздан басталатынына сенеміз. Барлық өскелең жас ұрпаққа мықты денсаулық, бақытты балалық шақ және елімізді өркендетер, келешектің кемеңгері болыңдар деп тілейміз. Балаларды қорғау күні құтты болсын!

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика