Түркістан облысы Полиция департаменті Арыс аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 1-маусым балаларды қорғау күніне орай бүлдіршіндерді мерекемен құттықтап, қандай жағдай болмасын өздерінің елімізді, балаларымызды қорғауға дайын екендігін жеткізді.
Жаздың бірінші күніне сәйкес келетін балаларды қорғау күні-ең көне халықаралық мерекелердің бірі, ол 1950 жылдан бері бүкіл әлемде тойланып келеді. Халықаралық балаларды қорғау күні көптен күткен демалыстың басталуымен сәйкес келеді, балаларға алаңсыз жаз ашады, ал барлық ересектер өз балалары үшін ғана емес, әр бала үшін, оның өмірі мен денсаулығы үшін, болашағы үшін үлкен жауапкершілікті тағы да еске салады.
Әр адам үшін баласынан артық құндылық жоқ. Балалардың бақытты балалық шаққа, терең білімге, таланттарды дамытуға, салауатты өмір салтына құқығы қамтамасыз етіледі. Бақытты бала- бұл өз отбасы мен Отанының ертеңіне мән беретіндердің күнделікті жұмысының нәтижесі.
Балаларға мерекелік көңіл күй сыйлаған тәртіп сақшылары оларға тәтті таратып, полиция аға апкелерінің де балаларға қуаныш сыйлай білетін жандар екендігіне көз жеткіздіріп және сол мамандыққа деген сүйіспеншіліктерін оятты.
Балалар – біздің болашағымыз, оларды желеп-жебеп жүру — қоғам қамқорлығының басты аспектісі. Бұл күн әр балаға қауіпсіз балалық шақ сыйлап, болашақта бақытты болып, табысқа жетуге көмектесетін білім, қамқорлық пен махаббатқа ие болу мүмкіндігін беру қажеттігі туралы есімізге салады. Біздің қоғам балалардың қауіпсіздігі мен амандығын бірінші орынға қойып, барлық қауіп-қатерден қорғау үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тиіс.
БАРЛЫҚ БАЛА БАҚЫТТЫ БОЛУҒА ЛАЙЫҚТЫ!