“AMANAT” партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы «Білім беру мен денсаулық сақтау» мәселелері жөніндегі аймақтық кеңесі Шымкент Қаласының Білім Басқармасына қарасты №34 «Ақ желкен», №100 «Тоқжан» және №27 балабақшалардың асханаларына көшпелі іс-шараға шығып, бақылау-мониторинг жұмыстарын жүргізді.
Бақылау-мониторинг жүргізу барысында балабақшаларда ет, сүт, айран өнімдерін сақтауда санитарлық ережелер және талаптардың сақталмайтыны анықталды. Кеңес мүшелері балабақшалар асханаларының жұмысы негізінен қанағаттанарлық екені байқалғанымен, кейбір кемшіліктердің түзелуі аймақтық кеңестің назарында болатындығы мекеме басшыларына ескертілді және орын алған кемшіліктерді жуық арада ретке келтіру бойынша сын-ескертулер айтылды.
Сонымен қатар, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 7000-нан астам педагогы біліктілігін арттыру курстарынан, 1500-ден аса маман қайта даярлаудан өтеді. Соңғы үш жылда қала аумағында 81 мектептің ашылуы үш ауысымды және орын тығыздығы бар мектептер санын азайтты. Жол картасы аясында тағы да 80 мектепті пайдалануға беру жоспарланып отыр. 38 мыңға жуық оқушыны қамтитын 25 мектеп «Жайлы мектеп» бағдарламасы шеңберінде салынады. Сонымен қатар 30 орта білім беру мекемесіне кешенді жаңарту жүргізіледі.
«Қаламызда демографиялық және миграциялық өсімдерге байланысты бала саны жыл сайын артып келеді. Осыны ескеріп, 2029 жылға дейін 80 мектептің құрылысын салуды жоспарлап отырмыз. Республикалық бюджетке тиісті ұсыныстар берілді» — деді қала әкімі Мұрат Әйтенов.
Білім беру мекемелеріндегі балалар қауіпсіздігі де басты назарда. Қазір қаладағы барлық мемлекеттік білім беру нысандары бейнебақылау, дабыл түймелері, турникеттермен жабдықталған. Жол картасы аясында мектептерге қосымша 2,5 мың бейнебақылау жүйесін сатып алу жоспарланып отыр. Балабақшаларда тағы 7 мың бейнебақылау жүйесі орнатылады.