• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

БАЙДАРКА ЖӘНЕ КАНОЭДЕ ЕСУДЕН СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ АШЫҚ БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ

Автор:admin

Июн 2, 2024
Spread the love

1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне орай байдарка мен каноэде есуден Л.Тәжиева атындағы № 4 спорт мектебінің ашық біріншілігі ұйымдастырылды. Жарыста 2010-2011 жылы туған және одан кіші жасөспірімдер бақ сынады. Жалпы 70 жас спортшы қатысуға өтініш берген.
Іс-шараның ашылу рәсімінде қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Маратбек Мықтыбеков, әлем чемпионы Біржан Жақыпов, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл жасөспірімдерді бүгінгі мерекемен құттықтап, жарыста сәттілік тіледі. Сондай-ақ, Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алған байдаркашы Сергей Емельянов та жас спортшыларға демеу беріп, болашақ жеңімпаздарға қолдау көрсетті.
Саламатты өмір салтын насихаттауды мақсат еткен сайыс Дендросаябақта алғаш рет өткізілуде. Басқарма басшысы байдарка және каноэде есу спортын осы аумақта да дамыту жоспарда бар екенін атап өтті. Бұл спорт түрі қалада қарқынды дамып келеді.
Ашық біріншілікте 200 және 500 метрден тұратын (ұлдар, қыздар) 6 санаты бойынша жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне арнайы ұйымдастырушылар атынан диплом табысталды.
Айта кетейік, биылғы Париж Олимпиадасына аталған спорт түрінен қаладан 3 спортшы (Сергей Токарницкий, Сергей Емельянов, Руфина Искакова) жолдама алды.
Жақында ғана Қырғызстан астанасы Бішкек қаласынан Азия чемпионы болып келген №52 мектеп-лицейінің 10 сыныптың екпінді оқушысы Эшмуратов Шахужахон күні кеше Ақтөбе қаласында кикбоксингтен өткен ел біріншілігінде жеңімпаз атанған болатын. 2008-2009 жылы туылған жасөспірімдер арасында 63,5 кг салмақ дәрежесінде додаға түскен спортшы шәкіртіміз Қазақстан Республикасының чемпионы атанды. Шахужахон жарыс барысында 4 кездесу өткізіп, барлық қарсыластарын айқын басымдылықпен жеңген. Спортшы шәкірт Шахужахон Эшмуратов Қырғызстан елінде өткен кикбоксингтан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында жүлделі I орын иеленіп, Азия чемпионы атанған. Ол жарыс барысында 4-кездесу өткізіп, барлығында айқын басымдылықпен жеңіске жеткен. Эшмуратов Шахужахон 2023 жылы 23-29 қазан арасында Тараз қаласында өткен кикбоксингтен жастар мен кадеттер арасында Қазыбек Тауасарұлы атындағы халықаралық турнирдің жүлделі I орын иеленген болатын. Еске сала кетсек, бұған дейін Астанада өткен Азия чемпионаты өз мәресіне жетіп, әлемнің 35 мемлекетінен 500-ден астам былғары қолғап шебері қатысқан жарыста шымкенттік тағы бір оқушы алтын алқа иеленген болатын. Бокстан 75 келі салмақта өнер көрсеткен Санжарәлі Бегалиев — Білім басқармасына қарасты № 104 Е. Юсупов атындағы жалпы орта мектебінің 11 сынып оқушысы Вьетнам, Өзбекстан, Қырғызстан сайыпқырандарымен бәстескен жас спортшы Үндістан боксшысы Рахул Кундуды 4:1 есебімен ұтқан еді. Санжарәлі Бегалиев ҚР 2 дүркін және Азия чемпионы осыған дейін Иордания, Әзірбайжанда өткен байрақты бәсекелерде ел намысын абыроймен қорғап шыққан болатын.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика