Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің және Еңбекші аудандық әкімдігінің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік этносаясаттың жүзеге асырылу барысы» тақырыбында «Бадам-2» тұрғын алабының тұрғындарымен кездесу өткізілді.
Кездесуде отбасындағы бала тәрбиесі, жастардың түнгі уақытта бақылаусыз жүруінің алдын алу, жастарды отансүйгіштікке, әскери борышты өтеуге, этнос өкілдерін мемлекеттік тілді үйренуге шақыру т.б. мәселелер сөз болды.
Модератор мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыру, Қазақстан Республикасындағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттік және азаматтық қоғам институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру болып табылатынын нақтылап өтті.
Жалпы, елдің біртұтастығы әрбір қазақстандық үшін аса қажетті мәселе. Халқымызда «Бірлік болмай тірлік болмайды» деген сөз бар. Осы сөзді ұраны етіп ұстанған жергілікті тұрғындар арасындағы өзге этнос өкілдері жастарын үнемі тәрбиелеуде екендігін айтып отыр. Кездесуде тұрғындар арасында отансүйгіштік, тәрбие, әскери борышты өтеу, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру сынды мәселелер кеңінен сөз болды. Айта кетейік, Шымкентте қазақ тілін үйреніп, мемлекеттік тілде мүдірмей сөйлейтін өзге ұлт өкілдерінің қатары көбеюде. «Тілге құрмет – елге құрмет» — демекші тіліміздің мерейін көтеру, оны білу әрбір Қазақстандық азаматтың парызымыз. Осыған сәйкес, еліміздегі этнос өкілдерінің де мемлекеттік тілді барынша меңгеруі, оның даму аясын одан сайын арттыра түспек. Сондай-ақ, бүгінгі танда орыс сыныптарында қазақ тілін тереңдетіп оқыту қолға алынған. Қазақ тілін оқытудағы ең тиімді тәсіл – тіл дамыту әдісі. Осы мақсатта қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері сөздік жұмысы, жаттығуларды жазбаша және ауызша орындау арқылы дамыту жұмыстарын жүргізіп келеді.