Шымкент қаласында дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырылуы мен өзге де өзекті мәселелер бойынша Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» коммуналды мемлекеттік мекемесінің жанынан құрылған «Мобилдь топ» Ақжар елді-мекенде мемлекеттік бағдарлама мен діни танымдығын арттыру бағытында шалғайлық жастарға ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды R-factor.kz ақпарат агенттігі.
Түсіндірме жұмыстарына Тұран ауданы еңбек мобильді орталығының бөлім басшысы Шымкентбай Нұрбол мен Шымкент қаласы дін мәселерін зерттеу орталығының теолог маманы Жұмаділлә Бексұлтан қатысты.
Алдымен мемлекет тарапынан берілетін шағын несие, жұмыс іздеуші жастарға арналған бағдарламалар жөнінде ақпараттар берілді. Сонымен қатар, дін мәселелерін зерттеу орталығының маманы деструктивті діни ағымдардың алдын алу жолдары мен дін бағытындағы бірқатар ақпараттармен кереғар діни ағымдардан сақтану жөнінде сөз етіп, әлеуметтік желілердегі дінге қатысты ақпараттарды бөлісуге немесе жарияламауға шақырды.
Кездесу соңында мемлекеттік бағдарламалар жөнінде арнайы әзірлгенген жадынамалық парақшалар тарқатылды.
Facebook, Twitter, Bkонтакте, Whatsapp сияқты әлеуметтік желілерді пайдаланбайтын тұтынушылар бүгінде өте аз. Әсіресе, жастар арасында бұл көрсеткіш 100 пайызға жуықтап қалады. Жастардың санасына үлгілі тәрбие дағдыларын қалыптастыруға ата-аналар мен педагогтар көп күш жұмсайды. Ол дағдылардың нәтижесін жылдар өткен соң ғана көре алады. Дәл сол тәрбие үрдісі жүріп жатқан шақта жастарды қандай мәселе мазалап жүргенін немесе оған қызықты не нәрсе екенін білу қиын. Оны сұрағанның өзінде оқушы не студент ашық айта бермейді. Өйткені, оның қолындағы смартфондағы ақпараттар дәл сол кезде оның миына шабуыл жасап жатады. Олар ол ақпараттарды сабақта немесе үйде үнемі талқыға сала бермейді. Тіпті, өз ортасында да оған баса назар аудармайды.
Елімізде діни немесе ұлтаралық алауыздық отын қоздырып жіберетін лаңкестік әрекетті болдырмау, шиеленісті жағдайды анықтауға бағытталған сараптау-талдау, ғылыми-ағартушылық зерттеу орталығының жұмысы тиімділігін көрсетті. Өйткені, қазіргі таңда лаңкестікті әлеуметтік ортадан, айналадан аулақ оңаша әлем деп қарау қателік. Оны елдегі саяси, әлеуметтік, рухани-психологиялық ахуалдан бөліп қарауға болмайды. Себебі, деструктивті діни ағымдардың ықпалына түсіп қалғандығын көп жастар алғашында байқай бермейді. Оларға «көңіл аударуының» себептері төмендегідей екендігін сараптау арқылы көз жеткіздік:
— ақпараттық кеңістікте сараланбаған ақпараттың көптігінен туындайтын салғыттық;
— көңілі ауған ақпараттан тура шешім шығаруға жетпейтін білімсіздік;
— әлеуметтік қиын мәселелердің жиынтығынан құтылу үшін әртүрлі жолдарды қарастыру, соның ішінде конфессиялардан рухани психологиялық көмек іздеу;
— креативті ойлауға қабілетсіздік.