• Чт. Июн 19th, 2025
Популярные метки

АЯЛДАМАЛАРҒА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Автор:admin

Июн 19, 2025
Spread the love

Түркістан қаласында қоғамдық көлік аялдамалары мен олардың айналасындағы аумақтарға тұрақты түрде тазалық жұмыстары жүргізілуде. Бүгін қала аумағындағы барлық аялдамалардың павильондары мен орындықтарын жуу, айналар мен басқа да элементтерді тазалау, сондай-ақ бұзылған немесе тозған жерлерді қайта қалпына келтіру жұмыстары атқарылды.

Қазіргі таңда қала бойынша жалпы 683 аялдама нысаны қызмет көрсетуде. Қосымша 100 аялдама орнату жоспарланған, қазіргі таңда 78 аялдама пайдалануға берілді.

Қоғамдық көлік аялдамаларының тазалығын қамтамасыз ету, қала инфрақұрылымын жақсарту, сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтарына қолайлы жағдай жасау күнделікті әкімдік тарапынан қатаң бақылауда.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика