• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

АШЫҚ ЕСІК КҮНІ АТА-АНАЛАРМЕН БАЙЛАНЫСТЫ АРТТЫРУҒА АРНАЛДЫ

Автор:admin

Сен 26, 2024
Spread the love

Бүгін №2 Оқушылар сарайында ата-аналармен ынтымақтастықты арттыру мақсатында ашық есік күні өтті. Іс-шара аясында ата-аналар концерттік бағдарлама тамашалап, ойындар ойнады, әлеуметтік желіде белсенділік танытып жүрген оқырмандарымызға сыйлықтар таратылды. Ашық есік күніне келген ата-аналарды №2 оқушылар сарайының директоры Данияр Дүйсенбайұлы күтіп алып, ғимарат ішімен толық таныстырып өтті.
-Тарихы тереңде жатқан шымшаһарда ерекше дизайнмен бой көтерген № 2 Оқушылар сарайы 2023 жылы пайдалануға берілді. Үш қабаттан тұратын ғимаратта 6-бағыттағы 65 түрлі үйірме жұмыс істейді. Біздің мекеменің ерекшелігі мұнда әр түрлі саладағы үйірмелер бір ғимаратқа топтастырылған. Үйірмелер заманауи құрылғылармен жабдықталып, оқушы үшін барлық жағдай жасалған. Ғимаратта 210 қызметкер жұмыс істейді. Оның ішінде 127 педагог ұстаз балаларға білім береді. Олардың арасында зерттеуші мұғалімдер, сарапшылар, модераторлар, спорт шеберлері бар, — деді Д. Егізбаев.
№ 2 Оқушылар сарайы ашылғанына небәрі бір жыл болғанына қарамастан, шәкірттері Халықаралық, Республикалық, байқауларға қатысып, жеңіс тұғырын бағындырып келеді. Атап айтсақ бір жыл ішінде 24 халықаралық, 118 республикалық, 40 облыстық, 56 қалалық сайыстарда жүлделі орындарды иеленген. Бүгінде үйірмеге қатысушы оқушылармен қоса ұстаздар да креативті идеяларымен көзге түсіп жүргені байқалады.
Іс-шара аясында үйірмелердегі сабақ өту барысына куә болған ата-аналар бос орындарға балаларын жаздыртып, мекеме басшылығына алғыстарын жеткізді.
Қай кезеңде болмасын жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру қоғам алдындағы ең жауапты, маңызды іс. Мемлекетімізде жас ұрпақтың жан-жақты дамуымен бірге тәрбиесіне де ерекше назар аударылуда. Ұрпақ тәрбиесі – баршаның ісі. «Егер сен алдыңа бір жылдық мақсат қойсаң егін ек, бірнеше жылға мақсат қойсаң – ағаш отырғыз, ғасырларға мақсат қойсаң – ұрпақ тәрбиесімен айналыс», – дейді халық даналығы.
Балаларға қосымша білім берудің құндылығы сол, жасөспірімдерге өз-өздерін кәсіби бағдарлауда көмектеседі, қоғамға бейімделу дағдыларын дамыта алады, және бос уақытты толыққанды ұйымдастыру мүмкіндігін алады. Қосымша білім – тәрбие үрдісін ізгілендірудің негізгі мақсаттарын оқушыларға даралап ықпал ету арқылы іске асыра алады. Қосымша білімнің бір саласы – ол музыкалық мектеп. Музыкалық мектепте білім беру жүйесі кәсіби музыкалық білім беруге, рухани адамгершілік мәдениетін жетілдіруге, эстетикалық тәрбие беруге және оқушының бос уақытын тиімді пайдалануға бағытталған.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика