• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

АШЫҚ БІРІНШІЛІК

Автор:admin

Июн 20, 2024
Spread the love

Жасөспірімдердің жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында бекітіліп өткізілетін бұқаралық спорттық іс шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес және 26 маусым «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне» орай дзюдо күресінен 2011 жылы туылған кіші жасөспірімдер арасында Кентау спорт клубының ашық біріншілігі болып өтті, деп хабарлайды Кентау қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.
Жарысты өткізудегі мақсат: Жасөспірімдерді жаман жолға түсуінің алдын-алу және салауатты өмір салтын насихаттау, спортпен шұғылдануға деген қызығушылықтарын арттыру.
Салауатты өмір салтын ұстануға деген ынта-ниет спорттан басталады. Сондықтан нашақорлық әрекеттен сақтанудың бір жолы — жастардың бос уақытын жаттығулар мен білім алуға жұмсау болып табылады.
Қоса кететін, Қазақстанның дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатының маңызды бағыттарының бірі – бұқаралық спортты дамыту. Халық арасында бұқаралық спортты насихаттау салауатты ұлтты қалыптастырудың кілті болып табылады. Спорт жастардың спорттық іс-әрекеттерінің жалпы жүйесінде маңызды рөл атқарады және бұқаралық спорт пен салауатты өмір салтын енгізудің пайдалы және көрнекі жарнамасы бола отырып, күшті үгіт-насихат қызметін атқарады.
«Ұлт денсаулығын бекемдеу мәселесі де өте өзекті. Барлық жас санаттары арасында бұқаралық спорт түрлерін насихаттай беру керек. Балалар үшін спорттық инфрақұрылымның барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету керек. Бұқаралық спортты дамыту – пирамидаға айналуы тиіс. Оның басына чемпиондар шықса, оның негізінде біз сау әрі саналы ұрпақты, мықты ұлтты қалыптастырамыз. Бұл бағыты заңнамалық тұрғыда жалғастырып, бұқаралық спортты дамытуда кешенді бағдарлама қабылдау керек», — деді Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында.
Жалпы алғанда, бұқаралық спорттың әлі тиісті деңгейде дамымауының негізгі себебі спорттық инфрақұрылымның жетіспеушілігі немесе тозуы, жоғары урбандалу деңгейі болып табылады, оның салдарынан ауылдағы жас тұрғындар саны азаяды, кәсіби кадрлардың жетіспеушілігі туындайды, бұл, өз кезегінде, халыққа көрсетілетін спорттық қызметтердің саны мен сапасына теріс әсер етеді. Бұқаралық спортты халық арасында танымал ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға қарамастан, халықтың көп бөлігі әртүрлі факторларға байланысты дене шынықтырумен және спортпен қамтылмаған күйінде қалып отыр.
Қазақстан азаматтары салауатты өмір салтын ұстанатын және бұқаралық спортпен белсенді айналысатын, халықаралық спорт аренасында беделі жоғары және допинг қолдануға нөлдік төзімділікпен қарқынды дамып келе жатқан спортта жетістіктерге жеткен мемлекет ретінде дамуда.
Дене шынықтыру мен спортты дамыту саясатын іске асыру барлық деңгейдегі дене шынықтыру мен спортқа халықтың қолжетімділігін қамтамасыз етуге және сапасын арттыруға, салауатты өмір салтын дамытуға, спорт резервін үздіксіз даярлауды қамтамасыз етуге және еңбек нарығының, сол сияқты болашақ экономиканың ағымдағы сұраныстарына жауап беретін ұлттық құрама командаларды даярлауға бағытталған.
Спортпен айналысқан адамдың денсаулығы мықты, әрі шыдамды болады. Денсаулық адамның ең қымбат дүниесі. Спорт адам өмірін ұзартады деген сөзді де жиі естуге болады. Спорттың адам өміріне көп пайдасы тиетіні сөзсіз. Сондықтан да адам баласы спортты жанына серік қылу керек. Ұлттық ойындар – қазақ халқының ерте заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойын – сауықтардың бір түрі. Оның бастауы алғашқы қауымдық қоғамда шыққан.
Ұлттық ойындар негізінде әр халық түрлі – түрлі жаттығулар жасау жолымен дене шынықтыру ісінің негізін салды. Бертін келе шынайы спорт ойындарының шығуына түрткі болды. Оның адам денсаулығына жақсартуда пайдалы аса күшті екені қилы. Ұлттық ойындар – ата – бабаларымыздан бізге мұра болған байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан, үйренудің күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, ұштаса береді.
Тыныс алу жаттығулары – ауамен емделуді дұрыс пайдалана білу, тыныс алу мүшелерінің жұмысын жақсарту мақсатында оқушыларға «Тыныс алу гимнастикасы» көрсетілді. Осындай жаттығулар оқушылардың спортпен шұғылдануға қызығушылықтарын арттырып, салауатты өмір салтын ұстануға, өмірде дұрыс таңдау жасауларына тигізер септігі мол.
Ендеше, Абай атамыз айтпақшы, «Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық, аздырар адам баласын» дегендей, еңбексіз, белсенді дене қозғалысынсыз мықты денсаулық, бақытты өмір жоқ.
Спорт-адамның рухани әлемі үшін маңызды. Спорт адамды жаңа жетістіктерге жетелейді. Дене шынықтыру және спорт кез келген ересек және өсіп келе жатқан балаларымыздың өмірінің ажырамас бөлігі болуы тиіс. Сол себепті спортпен шұғылдануға шақырамын. Салауатты өмір салтын насихаттап жүрген әр адамның денсаулығы жақсы болады. Сол себепті спорт денсаулық кепілі екенін ұмытпайық! Спорт сенің серігің- жанға дауа, қолға күш. Сергітетін адамды- қимыл менен қозғалыс, – кез келкен күнімізді спортпен айналысудан бастайық!

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика