Денсаулық сақтау министрлігі 2023 жылғы 18 сәуірдегі №228 «Қазақстан Республикасының инновациялық технологияларды енгізу жөніндегі алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында үздік практика орталықтарын дамыту туралы» бұйрығы негізінде Ордабасы аудандық орталық ауруханасында үздік практика орталығының жобасы енгізілді және жанұялық денсаулық орталығы құрылып, мультидисциплинарлық топ құрылып (жанұялық дәрігер,жанұялық мейірбике, патронажды мейірбике (0-5 жас аралығындағы балалар мен жүкті әйелдерді қамтиды), психолог, әлеуметтік қызметкер жұмысы ұйымдастырылып,алдын-алу және әлеуметтік психологиялық көмекті ұйымдастыру бөлімі ашылды.
Бұл жобаның ең басты бағыты — емдеу мекемелеріндегі әлеуметтік салалармен тығыз байланыста жұмыс жасау.
Жаңа жобаның мақсаты- халықтың өмір сүру деңгейін арттыру, науқастарға сапалы және жедел көмек көрсету, озық инновациялық технологияларды пайдалану, мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру.
Ордабасы аудандық орталық ауруханасының 10 медициналық қызметкерлерінен құрылған топ Түркістан қалалық емханасына МСАК үздік практика орталығына тәжірибе алмасуға оқуға жіберілді. Бұл орталықтың ерекшелігі:
Ішкі аудит және пациенттерді қолдау қызметі (- пациенттің қажетті көлемде уақтылы, сапалы және қауіпсіз медициналық көмек алу құқығын қамтамасыз ету. — «Осында және қазір» қағидаты бойынша пациенттердің шағымдарын жедел шешуді қамтамасыз ету);
Тәуелсіз мейірбикелік тәжірибесі енгізілген, ол үшін мейірбикеде Магистр дәрежесі, академиялық бакалавриат,Қолданбалы бакалавриат білім дәрежесі болуы шарт,
-Мейірбикелік араласудың қажетті әдістерін анықтайды (дәрігерге дейінгі көмек, науқасты ФЛГ, скринингтік тексеруге жолдау, көрсеткішіне қарай бейінді мамандарға жолдау, бейінді мамандардың ұсынысымен диагностикалық зерттеулерге жолдау, КДҚ арқылы ішкі және сыртқы мамандардың кеңесіне жолдау, диагностикалық зерттеулерден өтуге дайындалуды түсіндіру, науқаста созылмалы аурулары бар болатын болса, өз ауруын басқаруға үйрету, Клиникалық хаттамаларға, СОП-ға сәйкес мейірбикелік көмекті ұйымдастыру, манипуляциялар мен процедураларға жолдау, профилактикалық екпелер,СӨСҚ,отбасын жоспарлау, контрацепция туралы кеңес бере алады).
МИОМОС жаңа жобасы іске қосылған.
Халықпен және пациенттермен жұмыс бойынша «Қоғамдық мониторинг және кері байланысты ақпараттандыру механизмі». Жобаның мәні емделушілердің өздері медициналық қызмет көрсету сапасын бақылап, медициналық ұйымның қызметін жақсарту бойынша өз ұсыныстарын береді.
Яғни, қоңырау шалу арқылы немесе қабылдау кезінде халыққа фокус-топтар бар екенін хабарлай отырып, 7-15 науқас шақырылады. Бұл белгілі бір ауруы бар адамдар, мысалы, гипертониялық ауруы бар немесе жүкті әйелдер болуы мүмкін. Олармен бетпе-бет кездесу арқылы, емхана жұмысының нені ұнататынын, нені ұнатпайтынын анықтап, ұсыныстар жазылады. Проблемалар мен кемшіліктер кейін медицина қызметкерлерімен талқыланады, мәселелерді зерттеп, шешуге бағытталған.
«Ерлер денсаулығы» жобасы енгізілген. Ер азаматтарды салауатты өмір салты дағдыларына үйретіп және медициналық сауаттылығын арттыра отырып, профилактика мен диагностиканың жоғарғы технологияларын қолдана отырып, денсаулық жағдайларын жақсартуға, өмір сүру сапасы мен өмір сүру жасының ұзаруына тікелей атсалысу.
Патронаттық қызметтің әмбебап прогрессивті үлгісіне сәйкес оқу кабинеттері ашылған. 1 педиатр дәрігер Патронаттық қызметтің әмбебап прогрессивті үлгісіне жауапты маман ретінде белгіленген. Патронаттық мейірбикелер жүкті әйелдер мен 5 жасқа дейінгі балаларға үйде сапалы патронаж жасауға қажетті сөмкелермен және жабдықтармен толық жабдықталған.
Балалар мен жүкті әйелдердегі жоғары тәуекелді анықтау кезіндегі мәселелердің шешімін тиімді іздеу үшін патронаждық медбикелер медициналық мекеменің мүшелерінен құрылған мультидисциплинарлық топпен және ведомствоаралық комиссиямен (әлеуметтік қорғау, білім бөлімі, РОВД, әкімшілік, енбекпен қамту бөлімі,жастар ресурстық бөлімі, спорт бөлімі) тығыз жұмыс атқарады.
Шұғыл көмек көрсету кабинеті жабдықталған. Онда көк код, анафилактикалық шок,акушерлік қан кетулер,преэклампсия және эклампсия кезінде көмек көрсетуге арналған укладкалармен жабдықталған, 1 орта буынды қызметкер (супервайзер) өз кезегінде емхана деңгейінде шұғыл көмекті қажет ететін жағдайларға көмек көрсету, медициналық қызметкерлерге және парамедиктерге (такси жүргізушілері, полиция қызметкерлері, төтенше жағдай қызметкерлері, мұғалімдер) алғашқы көмекті көрсетуге үйрету семинарларын жүргізеді.