• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

АУДАН ӘКІМІ МЕН АУДАН ПРОКУРОРЫ “БӨГЕН” СУ ҚОЙМАСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫНА БАҚЫЛАУ ЖАСАДЫ

Автор:admin

Апр 4, 2024
Spread the love

Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаев пен аудан прокуроры Абзал Қыдырбай Бөген ауылдық округіне барып, стратегиялық маңызы бар “Бөген” су қоймасының қазіргі жағдайын бақылап көрді.
Су қойма 1967 жылы пайдалануға берілген. Сыйымдылығы — 370 млн.м.к.құрайды. Су қоймасынан егістік жерлерге ағын су Түркістан магистральды каналы (су өткізу қабілеті – секундына 43 текше метр) және Бөген қашыртқысы (су өткізу қабілеті – секундына 80 текше метр) арқылы босатылады. Қазіргі таңда қоймада 300 млн. текше метрден астам су бар. Қоймаға айтарлықтай төтенше жағдай қаупі төніп тұрған жоқ.
Бұдан кейін аудан басшысы мен аудан прокуроры “Тұран су” кәсіпорнына қарасты Р-1 каналында атқарылып жатқан жұмыстарды барып көрді. Қазіргі таңда ұзындығы 11 шақырымнан асатын каналдың 3 шақырымға жуығы бетондалған. Айта кету керек, 2023 жылға облыстық бюджеттен аталған каналды жөндеуге қаржы қаралған. Аудан басшысы жөндеу жұмыстарын жүргізуде сапаға басты назар аударуды, мерзімнен кешітірмеуді тапсырды.
Бөген ауылдық округіндегі Р-14 каналы да назар тыс қалмады. Шаруа қожалықтың меншігіндегі бұл каналды ауданның балансына алу жұмыстары басталған. Өз кезегінде аудан басшысы тиісті сала мамандарына құжаттандыру жұмыстарын жандандыруды айтып, барлық процедуралардың заң аясында жүргізілуін міндеттеді.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика