• Сб. Май 24th, 2025
Популярные метки

АУДАН ӘКІМІ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Автор:admin

Май 24, 2025
Spread the love

Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров ауыл шаруашылығы саласындағы ілгерілеу мен өзекті мәселелерді талқылау мақсатында ауданның ауыл шаруашылығы өкілдерімен кездесу өткізді. Жиынға шаруа қожалықтарының жетекшілері, агроөнеркәсіп кешені мамандары, салалық бөлім басшылары және ауыл әкімдері қатысты.
Кездесу барысында аудан басшысы ауыл шаруашылығы – аудан экономикасының негізгі тірегі екенін атап өтіп, салаға мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдаулар мен жаңашыл бағдарламаларға тоқталды.
Шаруа қожалық иелері мен аграрлық сала мамандары өз тараптарынан көктемгі дала жұмыстарының барысы, су тапшылығы сынды өзекті мәселелерді көтерді. Әкім тарапынан барлық ұсыныс-өтініштер мұқият тыңдалып, бірқатарына жауапты бөлімдерге нақты тапсырмалар берілді.
Аудан әкімі ауыл шаруашылығы саласындағы жұмыстың тиімділігін арттыру үшін шаруалармен тығыз байланыс орнатып, ашық диалог жүргізудің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, ол саладағы барлық өзгерістер мен мүмкіндіктер жайында шаруаларды уақтылы хабардар етіп отыру қажеттігін де ескертті, деп хабарлайды Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика