Аудандық полиция бөлімінің жергілікіті полиция қызметінің бөлімше бастығы полиция майоры Д.Нысанбеков, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі аға ювеналды полиция инспекторы полиция майоры Т.Гулиевтың, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі ювеналды полиция инспекторы полиция капитаны Е.Даткаевтың кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың ахуалы, жыныстық қол сұғылмаушылық қылмыстардың алдын алу профилактикалық іс-шаралардың іске асырылуы, мектепке себепсіз бармайтын оқушылар туралы баяндамалары тыңдалып талқыланды.
Одан соң мектеп оқушылары қатарынан аутодеструктивті мінез-құлықты мектеп ішілік профилактикалық есепке алынған балалар бойынша аудандық білім бөлімінің әдіскері С.Сулейменованың баяндамасы тыңдалды.
Жиын соңында отырыста қаралған мәселелерге орай комиссия мүшелері өздерінің ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Сонымен қатар, комиссия төрағасы Бейсенбай Тасболатұлы кәмелетке толмаған жасөспірімдердің орын алатын қылмыстардың алдын алу, ата-аналар (немесе заңды өкілдері) тарапынан баланың өміріне деген бақылау деңгейін күшейту, қажетті деңгейде білім мен тәрбие алу, балаларын себепсі сабаққа жібермеген ата-аналарының жауапкершілігін қарау, олардың құқықтарының қорғалуына жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар берді.