2024 жылдың 15 сәуір айында аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Тасболатұлының төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өткізілді.
Күн тәртібінде: аудан аумағындағы балабақша мекемелерінің кәмелетке толмаған балаларын автокөлікпен тасымалдануы туралы; Комиссияға келіп түскен кәмелетке толмаған балалардың құқық бұзушылық әрекеттері туралы іс-материалдары; Комиссияға келіп түскен кәмелетке толмаған балаларын мектепке себепсіз жібермейтін ата-аналар туралы іс-материалдар; аудан көлемінде кәмелетке толмаған қыздар арасында ерте жүктілік, аутодеструктивті жағдайдың кәмелетке толмағандардың арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы; Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің 2023 жылғы 3 наурыздағы №61 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында құқық бұзушылыққа бейім кәмелет жасына толмағандарды есепке қою» бөлігінде құқық бұзушылықтың алдын алу жөнінде әдістемелік ұсынымға сәйкес атқарылған жұмыстар туралы (мектеп ішілік есеп) мәселелер қаралды…