Бас прокуратураның тапсырмасын орындау мақсатында ұйымдастырылған жиынға осы бағытта жұмыс атқаратын жұмысшы топ, жергілікті атқарушы және уәкілетті органдардың басшылары, ауданның белсенділері мен еріктілері қатысты.
Күн тәртібінде есірткі контентін қамтитын жарнамаларды жоюға бағытталған кешенді іс-шаралар жүргізу, профиликтикалық іс-шараларды күшейту және «Нашақорлыққа жол жоқ» интернет-чат арқылы атқарушы және уәкілетті органның жұмысын үйлестіру мәселесі талқыланды.
Жұмыс тобының осы бағытта атқарған қызметі прокуратураның қатаң бақылауында екендігін жеткізді, деп хабарлайды Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.