2024 жылғы 15-16 мамыр аралығында барлық өңірлерде «Өрт» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізу жоспарланған. Осыған орай, ауданымызға қарасты Манкент ауылдық округінде жайылымдық жерде табиғи өрт жағдайында аудандық Төтенше жағдайлар басқармасы мен №6 Өрт сөндіру бөлімі қызметкерлерінің, Манкент ауылдық округі еріктілерінің қатысуымен кең көлемде оқу-жаттығу ұйымдастырылды.
Аталған оқу-жаттығу іс-шарасы аясында төтеншеліктердің, еріктілер мен қоғамдық ұйымдардың жұмылуымен, табиғи өрттердің қаупі мен туындауы кезінде жоғарғы дайындықта болу, орман, дала, бидай алқаптарындағы өрттердің алдын алу және жою кезіндегі жергілікті атқарушы органдардың іс қимылдары мен өзара әрекет етуінің үйлесімділігін жетілдіру, халық арасында табиғи өрттердің алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілді.
Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі