Аудан орталығындағы «Қайрат» спорт кешенінде Сайрам Ауданының Прокуратурасы, Сайрам Ауданы Әкімдігі және Сайрам Ауданы Полиция Басқармасы қызметкерлерінің бірлесуімен «Нашақорлыққа жол жоқ!» атты акция өтті.
Аталған іс-шараға аудан прокуроры, аға әділет кеңесшісі Даулет Тлемисов, аудан әкімінің орынбасары Мадияр Алипов, құқық қорғау қызмкеткерлері, дербес бөлім басшылары және ерікті жастар қатысты.
Жиында алғаш сөз тізгінін алған аудан прокуроры Даулет Бекбашұлы қазіргі таңда нашақорлық дертінің адам өміріне ғана емес қоғамға да қауіпті екендігін тілге тиек етті.
Сондықтан халық арасында есірткіге еліктеушіліктің алдын алу мақсатында құзырлы органдар мен тиісті мекемелер тарапынан арнайы жұмысшы топ құрылып, күрес жұмыстары жүйелі жүргізіліп келе жатқанын жеткізді.
Жастарды нашақорлық пен есірткіге бой алдырмауға шақыратын шара барысында құқық қорғау қызметкерлері мен арнайы жұмысшы топ өкілдері аудан аумағын аралады.
Аралау барысында әрбір ауылдық округтегі халық көп шоғырланған орындар, дүкендер, сауда орталықтарындағы кәсіпкерлер мен тұрғын үйлер тұрғындарына нашақорлықтың зардабы жайлы жазылған жадынамалар таратып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Айта кетейік, жауапты сала қызметкерлерінің бірлесуімен мұндай кездесулердің, акциялардың жиі өткізілуі өскелең ұрпақтың бойын жат қылықтардан алшақтатып, салауатты өмір дағдысын қалыптастыратыны сөзсіз, деп хабарлайды Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.