• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Аудан аумағында «Автобус» іс-шарасы өткізілуде

Автор:admin

Июн 12, 2024
Spread the love

Түркістан облысының аумағында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын қоғамдық көлік жүргізушілері арасында құқық бұзушылықтардың алдын алуға және көлік тәртібін арттыруға бағытталған «Автобус» профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Ордабасы ауданының полицейлері рейд барысында ҚР ӘҚБтК-нің 571-бабы «Жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзу» бойынша, 590-бабы 7-тармағы «Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу» бойынша және ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы «Көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалануы» бойынша әкімшілік құқықбұзушылықтарды анықтады.
Сондай-ақ тәртіп сақшылары қоғамдық көлік құралдарының санитарлық және техникалық жай-күйін, оның ішінде заңсыз қайта жабдықтау фактілерін және т. б. тексеруде.
Өз кезегінде полицейлер жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жол ережелерін қатаң сақтауға, маневр жасау ережелерін бұзбауға және жолдардағы жылдамдықты асырмауға кеңес береді.
Жуырда Мәжілісте депутаттар жекелеген көлік құралдары түрлерінің жүруін ұйымдастыру және жол қауіп­­сіздігін цифрландыру туралы заң жобасын талқылап, бірінші оқылымда мақұлдады. Сол күні, яғни 17 сәуірде Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Ержан Сәденов «2023 жылғы 30 мау­сымдағы №534 Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрыққа қол қойған болатын.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика