• Чт. Май 15th, 2025
Популярные метки

Астанада байланыс саласы мамандарының алғашқы республикалық кәсіби шеберлік байқауы басталды

Автор:admin

Май 15, 2025
Spread the love

Байланыс қызметкерлері күні қарсаңында Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі байланыс мамандарына арналған алғашқы республикалық кәсіби шеберлік байқауын ұйымдастырды.

15 мамырда Астанада басталған байқауға еліміздің әр өңірінен келген, телекоммуникация саласындағы 9 жетекші компанияның инженерлері мен байланыс мамандары қатысуда. Байқаудың мақсаты – байланыс саласындағы жұмысшы мамандықтардың абыройын арттыру, саланы жастар арасында кеңінен насихаттау және мамандардың кәсіби дағдыларын дамыту.

Байқау бағдарламасы талшықты-оптикалық байланыс желілерін дәнекерлеу бойынша практикалық кезең мен байланыс операторларының білімін тексеруге арналған теориялық бөлімді қамтиды.

Жеңімпаздарды марапаттау 16 мамыр, жұма күні Байданысшылар күніне арналған салтанатты шарада өтеді. Саланың үздік мамандарын Цифрлық даму министрі құттықтап, марапаттайды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика