• Вт. Ноя 26th, 2024
Популярные метки

Аскаридоздың алдын алу

Автор:admin

Ноя 9, 2023
Spread the love

Түркістан облысында 2023 жылдың  6 айында жалпы саны 148 адамнан аскаридоз ( жыланқұрт) паразиті анықталған.

Аудан, қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандары науқастар тіркелген барлық ошақтарда инвазияның берілу факторларын анықтау үшін топыраққа зертханалық зерттеулер жүргізді. Аталған гельминтоздар  ошақтарынан  7 893 алынған   зертханалық зерттеулердің 43-і   «оң» нәтиже  көрсетті.

Сонымен бірге жыланқұртпен қатар қылдырықбас (власоглав), токсокар, тенидтер, лямблиоз сияқты паразитарлық инвазиялардың онкосфералары мен цистоларының тіршілікке қабылетті жұмыртқалары топыраққа түсіп,  адамдардың денсаулығына тікелей қауіп төндіреді.

Гельминттер тұрғындардың, әсіресе балалардың денсаулығына әртүрлі патологиялық әсер етеді. Паразиттер аллергияны тудырады, иммунитетті тежейді, соматикалық аурулардың дамуына ықпал етеді және емдеу мерзімін ұзартады, балалардың психикалық және физикалық дамуын тежейді.

Аскаридоз – бұл гельминтоздар тобындағы нематодтар (дөңгелек құрттар) – аскаридтер тудыратын ауру. Аталмыш дерт адамның асқазан-ішек жолындағы жыныстық жетілген гельминттердің паразитизациясымен сипатталады, тыныс алу жолдарының зақымдалуымен және аллергиялық реакциялармен бірге жүреді. Аскаридтар барлық жерде кездеседі. Аурудың негізгі көзі – науқас адам, ол нәжіспен бірге сыртқы ортаға аскарид жұмыртқаларын шығарады, нәтижесінде қолайлы жағдайларда олар жетіліп, олардың ішінде жетілген құрттар пайда бола бастайды. Көбінесе аурудың себебі гигиена ережелерін бұзу болып табылады. Жуылмаған көкөністер мен жемістерді тұтынған кезде аскарид жұмыртқасы ағзаға енеді, одан жетілген құрттар шығады, ол бүкіл денеге қан тамырлары арқылы таралады. Әрі қарай инфекцияның қайталама фазасы пайда болады және аскаридтердің ішек пен бүкіл денеде үздіксіз қозғалу циклі басталады.

Аскарида  жұмыр құрттарынан туындайтын антропонозды геогельминтоз. Құрттың ұзындығы 15-35см дейін болады.

Аскаридоз ауруының көзі тек науқас адам. Ауру адамның нәжісімен аскаридоз жұмыртқалары сыртқа бөлініп шығып, қоршаған ортада (топырақта) әрі қарай дамуын жалғастырады.  Аскаридоз ауыз-нәжіс арқылы берілетін індет. Инвазиялық фазасына дейін жетілген жұмыртқалармен ластанған топырақ, қол, тағам, су берілу факторлары болып табылады. Аскарида жұмыртқалары сыртқы ортаға төзімді болып келеді, қолайлы жағдайда олар топырақта 10 жылға дейін сақталуы мүмкін, 250  аязда қардың астында қыстап шыға алады.  Төмен температура мен ылғалдық, оттегінің жетіспеушілігі жұмыртқалардың жетілуіне кедергісін келтіреді. Ультрафиолетті күн сәулесінің тікелей әсерінен және ауа температурасы 500  дейін жоғарылағанда аскарида жұмыртқалары тез өледі. Адамдар аскаридозды көбінесе жазғы-күзгі мезгілде жұқтырады.

Аскарида  аналығы тәулігіне 250 мыңға жуық жұмыртқаларын салады, олар нәжіспен сыртқы ортаға (топыраққа) шығады. Жұмыртқалардың инвазиялық фазасы сыртқы ортадағы ауаның 12-370 жылылық пен 8%-дан жоғары ылғалдықта 12-16 күн мен бірнеше ай аралығында дамиды. Инвазиялық фазасына дейін топырақта жетілген жұмыртқалар тамақпен, лас қолмен адамның ішегіне түседі. Сонымен, аскариданың дамуы – құрттың жұмыртқасын жұтқаннан аналықтың жұмыртқа  салуына дейін – 60–100 тәулік құрайды. Аскариданың өмірі 11-13 айға дейін созылады.

Аскаридоздың клиникасында 2 кезең байқалады: бастапқы (миграциялық) және соңғысы (ішектегі). Бастапқы– аскарида дернәсілінің өкпеге қарай миграциясы кезеңінде жөтелу, суық тию белгілері, есекжем, қышыну, артралгия, миалгия, субфебрилді дене қызуы тәрізді уытты-аллергиялық құбылыстар байқалады, жаппай инвазиялау кезінде бронхит, пневмония, демікпе секілді асқынуларға әкеледі. Соңғы – ішектегі кезеңінде – асқазан-ішек жолдары қызметі ауытқулары – құсу, іш кебу,  үлкен дәретінің бұзылуы (өтуі, қатуы), сонымен қатар, тез шаршағыштық, ашуланшақтық, бас ауруы, бас айналуы, жүрек айнуы, ашуланшақтық, ұйқының бұзылуы, жылауық, ұмытшақтық, түнде қорқуы, салмағын жоғалтуы, балаларда өзінің құрдастарынан өсуі жағынан қалып қоюы байқалады.

Аскаридоздың негізгі белгілері түшкіру, жөтел, терідегі бөртпелер, сондай-ақ мұрын мен тыныс жолдарының қышуы арқылы байқалуы мүмкін.

Аскаридоздың асқынуларына ішектің бітелуі, перитонит-іштің қабынуы, аппендицит және холангит аскарид соқыр ішек процесіне (соқыр ішек) және өт жолдарына түскенде пайда болады, содан кейін қабыну, гепатит, механикалық сарғаю, панкреатит, іш қуысының абсцессі.

Аскаридоздың бастапқы кезеңінде рентген арқылы өкпедегі эозинофильді инфильтраттарды, ал паразитологиялық әдіспен қақырықта аскарида дернәсілдерін анықтауға болады. Диагноз қоюда басты мәселе зертханалық тексерістің сапасына байланысты. Аскаридозбен науқастанған әрбір адам стационарлық немесе амбулаториялық жағдайда дәрігердің бақылауында емделуі тиіс. Науқастарға гельминтке қарсы дәрілер мен симптоматикалық ем қолданылады.

Аскаридозбен ауырып сауыққан адамдарға емделуден соң 10-15 күн аралығымен 3 рет нәжісін тексеру арқылы диспансерлік бақылау жүргізіледі.

Алдын-алу және індетке қарсы шаралары. 

Алдын алу шараларының негізгісі – науқастарды белсенді анықтау және оларды емдеу.  Аскаридоз ауруы бойынша тәуекел тобы анықталып (мектепке дейінгі балалар және бастауыш сыныптағы мектеп оқушылары, ауылшаруашылық, жылыжай қызметкерлері, саябақшылар), жылына 1 рет тексеріледі.

Санитариялық-гигиеналық шаралардың бастысы – қоршаған ортаны нәжіспен ластанудан қорғау:  елді мекендерді санитариялық аббатандыру, кәріз жүйесін орнату, кәрізі жоқ әжетқанада өткізбейтін (непроницаемый) шұңқыр жасау, оларды уақытылы тазалап, залалсыздандыру, бау-бақшаларда адам нәжісін тыңайтқыш ретінде қолданбау.

Аскаридоздың алдын алу, ең алдымен, жеке гигиенаның қарапайым қағидаларын сақтау болып табылады. Олар: тамақтанар алдында қолды және жаңа піскен көкөністер мен жемістерді қолданар алдында міндетті түрде жуу. Сырқаттанушылықты болдырмаудың маңызды бөлімі топырақты нәжістен ластанудан қорғау үшін елді мекендерді санитариялық тазартуды өткізу. Ата-аналар балаларын қадағалап, аузына лас заттарды, топырақты, құмды және т.б. салуға жол бермеуі керек. Мұндай қағидалар қарапайым, бірақ міндетті түрде сақталуы тиіс. Оларды сақтай отыра, аскаридтердің ағзаға түсуінен қорғана аласыз.

Дегельминтизация шаралары науқастарды емдеу ғана емес, сыртқы қоршаған ортада гельминттің жұмыртқалары  мен дернәсілін жоюды да қоса жүргізеді.

 

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика