• Ср. Апр 30th, 2025
Популярные метки

АРДАГЕРЛЕР ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫНДА

Автор:admin

Апр 30, 2025
Spread the love

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Шымкент Қалалық балалар клиникалық ауруханасының дәрігерлері соғыс және тыл ардагерлерінің үйлеріне арнайы барып, құрмет көрсетті.
Аурухананың бас дәрігері Динара Ақәділқызы бастаған ақ желеңділер Ұлы Отан соғысының ардагері Мосунова Нина Егоровна мен тыл еңбеккері Дуликова Нина Степановнаны мерекелерімен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Шара аясында ардагерлердің денсаулық жағдайы тексеріліп, медициналық кеңестер берілді.

– Қарт майдангерлер сұрапыл соғысты бастан өткеріп, одан кейінгі жылдары да қажырлы еңбектерімен кейінгі ұрпаққа үлгі болған жандар. Ардагерлердің саулығы – біздің басты назарымызда. Біз оларды тек мереке қарсаңында емес, күнделікті қолдауға дайынбыз. Бүгінгі жастар үшін бұл кісілердің өмір жолы – үлкен тағылым, – деді аурухананың бас дәрігері.

Медицина қызметкерлері қариялардың өмір тарихын тыңдап, мерекелік сыйлықтарын табыстады. Ардагерлер өздеріне көрсетілген ықылас пен қамқорлыққа алғыстарын айтып, Жеңіс мерекесі қарсаңында ескерусіз қалмағандарына қуаныштарын жеткізді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика