• Пн. Апр 21st, 2025
Популярные метки

АППАРАТ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

Автор:admin

Апр 21, 2025
Spread the love
Бүгін қала әкімі Ғ. Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде мамыр айындағы мерекелік іс- шаралар, кеміргіштер мен зиянкестерге қарсы өңдеу және қаңғыбас иттерді азайту жұмыстары, тұрғындармен кездесулердегі тапсырмалардың орындалуы талқыланды.
Мерекелік іс-шаралар жоспарын қала әкімінің орынбасары С. Құранбек таныстырды. Қазір 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні, 7 мамыр – Отан қорғаушы күні, 9 мамыр – Жеңіс күні мерекелеріне арналған іс-шараларға дайындық жұмыстары жүргізілуде. Биыл Отан қорғаушы күні мен Жеңіс күнін мерекелеу Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы аясында өтеді. Оның шеңберінде қала аумағында соғыс ардагерлері мен әскери қызметшілерге арналған 80-ге жуық құрмет көрсету, еске алу шаралары, патриоттық акциялар, мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр. 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесін этностардың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, қолөнерін көрсете отырып, бұқаралық іс-шаралар форматында өткізу жоспарлануда.
 Қала басшысы жауаптыларға халыққа мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында іс шараларды сапалы ұйымдастыруда, безендіру жұмыстарын заманауи талапқа сай жүргізуде тапсырмалар берді.
Сондай-ақ мәжілісте Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Т. Мекамбаев кеміргіштер мен зиянкестерге қарсы өңдеу жұмыстарын, қаңғыбас иттердің санын азайту шараларын баяндады. Энзоотиялық ауруларға қарсы жұмыстар жылына 2 рет — көктемде, күзде жүргізіледі. Биыл 31 наурызда басталды. Қаңғыбас иттерді азайту шаралары да аудандарда жоспарға сәйкес жалғасуда.
Ғ.Әбдімәжитұлы сала басшысына залалсыздандыру шараларының көпқабатты тұрғын үйлерде де жүргізілуін қадағалап, қаңғыбас иттерді аулау жұмыстарын күшейтуде нақты тапсырмалар берді.
Сонымен қатар аппарат жиынында қала тазалағы, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтуда бейнебақылау камераларын көбейту, жол құрылысы жұмыстарын сапалы, мерзімінде жүргізу мәселелері де пысықталды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика