• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

АППАРАТ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

Автор:admin

Июл 15, 2024
Spread the love

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін қайтару жұмыстары мен жол құрылысы нысандарына қатысты өзекті мәселелер талқыланды.
Айта кетейік, қабылданған қаулыға сәйкес, биыл шілдеге дейін жалпы 198 жер учаскесінің алаңы 137 га мемлекет меншігіне мәжбүрлеп қайтарылды. Бұл бағыттағы жұмыстар заң шеңберінде тиісті талаптарға сәйкес жалғасуда. Қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына жедел назар аудару мемлекеттік органдар қызметінің негізгі басымдықтары саналады деп атап өтті Президент. Президент Әкімшілігінде азаматтардан келіп түскен өтініштерді мемлекеттік органдардың сапалы қарауын қадағалап, жедел шаралар қабылдайтын бөлім құрылды. Белгілі бір саладағы шешімдердің әділетсіздігіне қатысты жолданатын көптеген шағымдар нақты мемлекеттік органда немесе аймақта күрделі түйткілдер бар екенін анықталды. Енді бұл мәселеге дәл осы тұрғыдан қарап, тиісті шешімдер қабылданатыны айтылды.Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады. Сондықтан азаматтық қоғамға қолдау көрсетіп, оның әлеуетін нығайта түсу керек. Сондай-ақ, аса маңызды жалпы мемлекеттік міндеттерді шешу үшін талқылау жұмыстарына азаматтық қоғамның мүмкіндіктерін кеңінен қолдану қажеттігіне көз жеткізілді.
Сонымен қатар мәжілісте құрылыс заттары сатылатын орындарды қала сыртына көшіру, базарларды жаңғырту, қала тазалығы, жәндіктерге қарсы залалсыздандыру, көшелерді жарықтандыру жұмыстары да пысықталды.
Қала әкімі сала басшыларына құрылыс алаңдарындағы жұмыстарды қадағалап, құрылыс мәдениетінің сақталуын назарға алуды тапсырды.
Қала әкімі аудан және тиісті сала басшыларына тазалық шараларын жүйелі атқаруда, залалсыздандыру жұмыстарын күшейтуде бірқатар тапсырмалар берді. Көп қабатты тұрғын үйлерді күтіп ұстау жұмыстарын бақылап, халықпен кері байланысты жақсартуда да жауаптыларға міндеттер жүктелді, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика