• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС ӨТТІ

Автор:admin

Авг 19, 2024
Spread the love

Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте Конституция күніне арналған негізгі іс-шаралар жоспары, бюджеттің атқарылуы мен жобалық офистің жұмыстары талқыланды.
Қала әкімінің орынбасары С. Құранбек Конституция күніне арналған мерекелік концерттік бағдарламаны таныстырды. Мереке қарсаңында бес ауданда 20 іс-шара ұйымдастырылады, салтанатты жиындар Нұрсәт өнер мектебінде, Ш. Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияда, Шымсити саябағы мен Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадионда және Оқушылар сарайы мен “Түркістан” сарайында өтеді. Қала әкімі салаға жауаптыларға еліміздегі елеулі күнге арналған іс шараларды жоғары деңгейде ұйымдастыруда нақты тапсырма берді.
30 тамызда еліміздің Ата заңының қабылданғанына 29 жыл толады.
Қазақстанның Ата заңының іргетасына тәуелсіздік ала салысымен 1991 жылы түрен салына бастады. Алайда мемлекеттің негізгі құқық негіздері екі жылдан кейін, 1993 жылы ғана қаланды. Ата Заңымыз 1995 жылдың 30 тамызында жалпыхалықтық референдум нәтижесінде қабылданды. Ол 9 бөлімнен, 98 баптан тұрады.
Қаржы басқармасының басшысы Р. Бақтыбаев қаңтар-шілде айындағы бюджеттің атқарылу қорытындыларын баяндап, қаржыландыру жоспарын талдап, игерілмеуі мүмкін қаражаттарды қысқартуды, тиімді салаға бағыттауға бюджеттік нақтылауға ұсыныс беруді, мемлекеттік сатып алу конкурстарының өтуін толық зерделеуді ұсынды. Қала әкімі аудан, сала басшыларына қаржыны тиімді игеруді қатаң қадағалауды тапсырды. Сонымен қатар тұрғындармен кері байланысты күшейтіп, өзекті мәселелерді шұғыл, оңтайлы шешуді назарға алу қажеттігін ескертті. Қала тазалығын қамтасыз етуді, мектептердің жаңа оқу жылына дайындығын пысықтау қажеттігін жеткізді, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика