• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Ангиография құрылғысы — аудандарда

Автор:admin

Ноя 4, 2023
Spread the love

Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасына қарасты Түркістан қалалық, Сайрам және Сарыағаш аудандық орталық ауруханаларына «Euroampli Alien Cardio» жылжымалы ангиографиялық жүйе орнатылды. Мұндай заманауи аппарат тек Шымкент қаласындағы бірен-саран медициналық мекемеде ғана жұмыс істейтін.  Құны қымбат тұратын құрылғының өңіріміздің алдымен тұрғындар тығыз орналасқан қалалары мен аудандарына да жеткізілуі қуанышты жағдай. Бұл дәрігерлердің жұмысын жеңілдетіп қана қоймай науқастардың сапалы ем алуына жақсы жағдай жасайтыны сөзсіз.

Жылжымалы ангиографиялық жүйесі жабдығымен аурухананың қызметкерлерін таныстыу және  тәжірибелік дағдыларына баулу мақсатында Сайрам аудандық орталық ауруханасында Астана қаласындағы көпбейінді медицина орталығының интервентті нейрохургы Б.Қыстаубаев және Италиядан келген клиникалық маман Фабрис Антонио Джованнидің  қатысуымен шеберлік сыныбы өткізілді. Облыстық қоғамдық денсаулық басқармасы ұйытқы болған шеберлік сыныбында Сайрам, Түркістан қалалық және Сарыағаш аудандық орталық аурухана қызметкерлері де қатысуымен 2 кіші инвазивті тері арқылы коронарография отасы  мен бас миына 2 церебралды ангиография отасы жасалынды. Мидағы қан артерияларының тромбозынан туындаған церебральды инфаркт диагнозы қойылған 1964 жылы туған науқасқа церебральды ангиография, тұрақсыз стенокардия диагнозымен келіп түскен 62 жастағы пациентке коронарлық ангиография жасалып, медициналық көмек көрсетілді.

Ангиография – бұл қан тамырларын зерттейтін, олардың жағдайы мен қызметін анықтайтын құрылғы. Ол рентген сәулелерінің көмегімен жүзеге асырылады, оның барысында арнайы зат қолданылады. Мдағы қан тамырларының патологиясына күдік туындағанда немесе оларды диагностикалау қажет болғанда, церебральды тамырлардың ангиографиясы жүргізіледі. Ал коронарлық ангиография қан мен оттегін жүрекке жеткізетін тамырлардың күйін анықтауға қызмет ететін диагностикалық инвазивті манипуляция. Зерттеу коронарлық тамырлардың тарылу дәрежесін білуге де мүмкіндік береді.

Болашақта ангиография құрылғысы арқылы 15 түрлі ЧКВ интервентті кардиология, нейроинсульттік, хирургиялық, нейротравматологиялық, гинекологиялық және осындай сипаттағы тағы басқа күрделі операцияларды жасайды. Аталған оталарды жүзеге асыру мақсатында қажетті мамандар, медициналық құрал-жабдықтар, ғимараттар, қосымша медициналық қызметтер алдын ала дайындалды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика