• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

АЙМАҚТЫҚ КЕҢЕСТЕРДІҢ БІРЛЕСКЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Автор:admin

Апр 23, 2024
Spread the love

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы «Білім беру мен денсаулық сақтау» және «Отбасы мәселелері және халықты әлеуметтік қорғау» жөніндегі аймақтық кеңестерінің бірлескен отырысы өтті. Жиынды қалалық филиал Атқарушы хатшысы Жанар Бектаева ашып, жүргізді.
Мәжілістің күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1. «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» атты қалалық сайлауалды бағдарламасын іске асыру мақсатында дайындалған Жол картасындағы қалалық білім беру саласындағы «Инклюзия» бағытының дамуы.
2. Мемлекет басшысы «Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін» қамтамасыз етуге бағытталған зорлық-зомбылық бойынша қабылданған заңға түсіндірме жұмыстарымен және қаладағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы.
Жиын барысында Жол картасындағы қалалық білім беру саласындағы «Инклюзия» бағытының орындалуы барысы туралы баяндау үшін сөз Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты «Ерекше қажеттілігі бар балаларды қорғау» орталығының директоры Жанна Утесинованың баяндамасы тыңдалды. Сондай-ақ, әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігі бойынша қабылданған заңға түсіндірме жұмыстары және қаладағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы қалалық полиция департаменті жергілікті полиция қызмет басқармасы әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы, полиция капитаны Жаңыл Спанова баяндады.
Елімізде білім мен денсаулық сақтау, халықтың әлеуметтік мәселелері, әйел құқығы мен балалардың қауіпсіздігі — басты назарда.
Қазірдің өзінде қолданыстағы заңнамада, неке және отбасы туралы заңда ата-аналар қандай да бір қылмыстық құқық бұзушылық жасаған жағдайда ата-ана құқығынан айырылатын нормалар бар. Алайда, ол нормалар жаппай ата-ана құқығынан айыруға әкелмегені белгілі. Тарихымызда ондай жағдай болған жоқ. Сондықтан Мемлекет басшысы заңға қол қойып, күшіне енген жағдайда құжат жаппай ата-ана құқығынан айыруға әкеледі дегенге сенудің ешқандай негізі жоқ. Бұл менің жеке пікірім. Бұл қате және теріс түсіну. Заңда мұндай нормалар жоқ. Сол себепті осы заң ата-аналарды ата-ана құқығынан айыруға арналмағанын нақты әрі анық түсіндіріп, жеткізуіміз керек. Ол әйелдерді қорғау және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жұмыс істейтін болады.
Бірлескен кеңес отырысына кеңес мүшелерімен қатар, мемлекеттік мекеме басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, партия филиалының жауапты қызметкерлері және партия белсенділері қатысты.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика