• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

АЗАТ ОРАЛБАЕВ: «РЕТСІЗ САУДА ЕЛДІ МЕКЕННІҢ КӨРКІНЕ СЫН!»

Автор:admin

Июл 3, 2024
Spread the love

Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаев жұмыс сапарымен Шұбарсуға барды. Аудан әкімі алдымен елді мекенге кіре берістегі ретсіз сауданы сынға алды. Яғни, сауда жасаудың әлеуметтік маңыздылығы сақталмағанын және нақты сатушылардың тізімі жасақталмағанын айтып, сала мамандарына аталған кемшіліктерді заң аясында тездетіп ретке келтіруді тапсырды. Сондай-ақ ретсіз сауда елді мекеннің көркін бұзатындығын айтып, аудандық полиция басқармасының жауапты қызметкерлеріне ауылдық округтің әкімімен бірлесіп сауда жасаушылар арасында түсіндірме жұмыстарын жандандыруды міндеттеді.
Шұбарсуды аралау барысында аудан басшысы аяқжолдардың кейбір тұстарының бүлінгенін көріп, тиісті бөлімнің басшысына кемшіліктерді мердігермен бірлесіп шешу керектігін айтты.
Аудан әкімі ауыз су бойынша мәселе көтерген ауыл белсенділерімен кездесіп, олармен бірге “Көлсай” аумағына барды. Сол жерде сала мамандарына орын алған кемшіліктерді қатаң бақылауға алып, мерзімінде ретке келтіруді тапсырды, деп хабарлайды Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика