• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ: ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

Автор:admin

Июл 3, 2024
Spread the love

Бүгін Шымкент қаласы әкімдігінде кезекті рет азаматтарды бірыңғай қабылдау өтті. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков және орынбасарлары, аудан әкімдері мен басқарма басшылары тұрғындардың баспана, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, әлеуметтік сала және жер мәселелеріне қатысты арыз-шағымдарын қарастырды. Жауаптылар барлық өтініштер бойынша егжей-тегжейлі түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Азаматтардың негізгі құқықтарының бірі олардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін іске асыру және қорғау мақсатында мемлекеттік органдарға және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жеке өтініш беру құқығы болып табылады.
Мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары және олардың орынбасарлары айына кемінде бір рет тиісті мемлекеттік органның басшысы бекітетін қабылдау кестесіне сәйкес азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін, оның ішінде осы органдардың қызметкерлерін жеке қабылдауды жүргізуге міндетті.
Азаматтарды қабылдау белгіленген және азаматтардың назарына жеткізілген күн мен сағатта өткізіледі.
Егер өтінішті не шағымды басшылардың қабылдауы барысында шешуге мүмкін болмаса, олар жазбаша түрде баяндалады және олармен жұмыс жазбаша өтініштермен жүргізілетін жұмыс секілді жүргізіледі.
Қабылдау белгіленген әрі жеке және заңды тұлғалардың назарына жеткізілген күн мен сағатта жұмыс орны бойынша өткізілуге тиіс. Егер өтінішті лауазымды тұлға қабылдау кезінде шеше алмаса, ол жазбаша нысанда баяндалады және онымен жазбаша өтініш ретінде жұмыс жүргізіледі.
Кезекті қабылдауда 100-ден аса тұрғынның арыз-шағымы пысықталып, тиісті шешімдер қабылданды. Мұндай шаралар мәселелерді оңтайлы шешуге ғана емес, сонымен қатар халықтың ең күрделі проблемаларын анықтауға да мүмкіндік береді. Белгілі бір уақытты қажет ететін сұрақтар қала басшысының жеке бақылауына алынды. Ғ.Сыздықбеков жауаптыларға азаматтармен кері байланысты күшейтіп, бірқатар тапсырмалар берді.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика