Елімізде қыркүйектің үшінші жексенбісі — «Еңбек күні» мерекесі . Мақсат – Мемлекет басшысының жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру жөніндегі идеясын жүзеге асыру,
өнімді еңбекті ынталандыру.
Бүгін Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының ұйымдастырыуымен «Еңбек күні» мерекесі аясында «Адал еңбек – адам көркі»атты бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.
Арбат алаңында өткен жәрмеңкеге қала аумағындағы мемлекеттік және жекеменшік 100-ден астам жұмыс берушіден 4 534 бос жұмыс орны ұсынылды. Оның ішінде 2 764 орын тұрақты, 1 770 орын «Жастар практикасы» бағдарламасына арналған.
Мерекелік іс-шараға қала әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов қатысып, өндіріс орындары мен білім беру салаларындағы еңбек озаттарын марапаттады.
Іс-шара барысында Еңбек мобильділігі орталығының мамандары Еңбек.кз электрондық порталы ұсынған жұмыс орындарын халыққа таныстырды.
Биыл қалада 30 207 адамды жұмыспен қамту шараларына тарту жоспарланып, осыған дейін 23 691 адам қатысты. Жоспар 78,4% орындалды.
Атап айтқанда 2 426 адам http://xn--nbek-u4d.kz/ порталы талап етілген дағдыға онлайн оқыса, 3 228 адам «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік білімін жетілдіріп, 428 адамға комиссияның шешімімен қайтарымсыз грант бекітілді.
Субсидияланатын жұмыс орындарына 6 639 адам жолданса, қаладағы тұрақты бос жұмыс орындарына 10 970 адам орналастырылды.
Жәрмеңке арқылы 335 адам тұрақты жұмыс орнына, 106 жас «Жастар практикасы» бағдарламасымен жолдама алса, 139 адам қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жолданды. Одан бөлек, 65 тұрғынға қайтарымсыз грант, 18 адамға өңіраралық көші-қон жөнінде мамандардан кеңес алды.
Қоса кететін, 2024 жылғы II тоқсанда жұмыссыздар саны 22,4 мың адамды құрады.
Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшіне қарағанда 4,8% құрады.
2024 жылғы 1 қыркүйекке жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 15020 адамды құрады немесе жұмыс күшінің санына 3,2% болып қалыптасты.
2024 жылғы II тоқсанда қызметкерлерге есептелген (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, шағын кәсіпорындарсыз), орташа айлық атаулы жалақы 314210 теңгені құрады, өсім 2023 жылғы II тоқсанға 8% құрады.
2024 жылғы II тоқсанда нақты жалақы индексі 99,9% болып қалыптасты.
2024 жылғы II тоқсанда қала халқының орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы бағалау бойынша 121994 теңгені құрады. 2023 жылғы I тоқсанға қарағанда 18% жоғары, аталған кезеңге нақты ақшалай табыстың өсу қарқыны – 8,3%.