Ағымдағы жылдың 20-30 мамыр аралығында “Абайлаңыз балалар” республикалық акциясы өтуіне орай Қазығұрт ауданы көлемінде мектеп оқушыларына түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Атап айтқанда, акция аясында жергілікті полиция қызметінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлары мен патрульдік полиция қызметкерлері бірлесіп, ауданның барлық мектептерінде жасөспірімдерге жол-көлік оқиғаларына ұшырау деректерінің алдын алу шараларын жүргізді. Ата-ана, ұстаздар мен оқушыларға арнайы дәріс сабақтарын өткізді.
Оқушылардың оқу жылын сәтті аяқтап, 3 ай жазғы демалысқа шығатын кезеңінде жасөспірімдердің жаздағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың демалыс уақытын тиімді пайдалануы үшін үндеу жариялағым келеді.
Жаз уақытында балалардың терезелерден құлап мерт болуы, жасөспірімдердің әсіресе қыз балалардың үйден белгісіз жаққа қашып кетуі, суға кету, бұралқы иттерге қабылуы т.б. оқыс оқиғалар орын алады.
Онда балаларға жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған бейнероликтер көрсетілді. Балаларды демалыс және мереке күндері бақылаусыз қалдырмауға кеңес берілді.
Құрметті ата-аналар!
Демалыс кезіндегі балалардың жолда жүру қауіпсіздігі, демалыс уақытын тиімді пайдалануы сіздерге толықтай жүктелгендіктен балаларыңызды қараусыз қалдырмауларыңыз және көлік жүргізушілері көлік басқару кезінде жол жүру ережесін қатаң сақтауларыңыз сұралады. Балаңыздың бүгінгі қауіпсіздігі-ертеңгі алаңсыз болашағы.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі