Бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалында тұрғындарды жеке мәселесімен жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ролан Ибрагимов қабылдады.
Қабылдауға келген азамат У.Миразкулов тұратын көшесіне аялдама павильонын орнатып беруді сұрады. Ал, Қызылжар, Атшабар, Ынтымақ-2 және Қайнарбұлақ шағын аудандарының тұрғындары, аталған елді мекендерге қарасты көшелерге асфальт төсеп беруін айтып келді. М.Қатбаева жеке меншік бала-бақшаның алдынан жасанды жол кедергісін орналастырып беруін айтты.
Айта кететін, Қаратау ауданының аумағында жалпы ұзындығы – 631 шақырымды құрайтын – 595 көше бар. Оның 414 шақырым асфальт, 197 шақырым шағал тас болса, 20 шақырымды топырақ көшелер құрайды. 2023 жылы 50 шақырымды құрайтын 70 көшеге асфальттау жұмыстары жүргізіліп, толығымен аяқталды. Сонымен қатар, ағымдағы жылы 33 шақырымды құрайтын 41 көшеге шағал тас төсеу жұмыстары атқарылды. Сондай-ақ, 2024 жылы аудан аумағында жалпы ұзындығы 75,98 шақырымды құрайтын 98 көшеге асфальт төсеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Бұл жұмыстардың аяқталуына орай, асфальттанған көшелер 77,6 % құрайды. 2024 жылы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы негізінде жалпы 7000 шаршы метр ішкі орам көшелері мен көпқабатты тұрғын үй аулаларына тротуар салынады. Сонымен қатар, 494 (20 000 шаршы метр) көпқабатты тұрғын үй аулаларындағы жолдарға асфальт жолдары ретке келтіріліп ағымдағы жөндеу жүргізілетін болады.
Сондай ақ, жолаушылар тасымалдау жұмысын оңтайландыру бойынша ұсыныстар айтылып және автобустардың жылдамдықты асыруы немесе жарысуы секілді мәселелер сөз болды.
Басқарма басшысы келген азаматтардың талап-тілегін толық тыңдап шығып, заң аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Алдағы уақытта келіп түскен ұсыныстар бойынша жұмыс атқарылатынын жеткізді.