• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ПАРТИЯ НАЗАРЫНДА

Автор:admin

Май 28, 2024
Spread the love

Бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалында энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Рзабек Меңдіқұлов «Адия» тұрғын үй кешенінің азаматтарын қабылдады.
Қабылдауға «Қуатжылу орталығы-3» МКК-ның бөлім басшысы Е.Битемиров және «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ-нің басшысының орынбасары Е.Қуандыков қатысты.
Келушілер «Адия» тұрғын үй кешенінде көпқабатты үйдің жер төлесіне су жиналып, пластиктен орнатылған жылу беретін құбырлар жарылып кеткендігіне наразы. Сондай ақ, инфрақұрылым мәселелері бойынша да шағымдарын айтты.
Айта кететін, Шымкент қаласындағы Тұран ауданының құрылғаныны көп бола қойған жоқ. 2022 жылы 7 шілдеде құрылған ауданның аумағы 36,3 мың гектар жерді алып жатыр. Бұл шаһар аумығының 32 пайызы деген сөз. Тұрғын саны да 200 мыңнан асып жығылады. Ауданға 16 елдімекен мен тұрғын алабы кіреді. 597 даңғыл мен көше бар. Ал тұрғын үй саны соңғы деректер бойынша 39 883. Сәйкесінше, әеуметтік нысан да аз емес. Тұран ауданында 25 мектеп, 18 балабақша, 6 колледж, 6 денсаулық мекемесі, 5 саябақ бар. Мұндай үлкен ауданда инфрақұрылымның мүлтіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету де оңайға соқпайтыны анық. Соған қарамастан, жаңа ауданда атқарылған шаруа көп. Тұран ауданының әкімі Берік Әшірбаев қаладағы Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне тоқталып, есеп берген болатын.
Тұрғындарға ең керегі — ауыз су десек, бүгінде Тұран ауданына қарасты елді мекендердің 90,5 пайызы сапалы ауыз сумен қамтылған. 2026 жылы бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, аудан аумағы 85,7 пайыз табиғи газбен қамтылса, электр қуатымен 95,2 пайызы қамтылған.
2025 жылы Тұран ауданын 100 пайыз сапалы электр қуатымен қамту жоспарланып, бір қатар жұмыстар атқарылуда. Сондай-ақ, ауданның кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші бүгінде 57,1 пайызды құрайды, бұл көрсеткішті 2025 жылы 60,2 пайызға жеткізу көзделіп отыр.
Аталған мәселе бойынша Рзабек Балтабекұлы «Адия» тұрғын үй кешеніне инфрақұрылым мәселелері толығымен ағымдағы жылдың жартыжылдығында тиісті басқарманың балансына өткеннен кейін шешілетіндігін жеткізді.
Айта кетейік, тапсырманың толық орындалуы «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының бақылауында болады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика