Шымкент қаласындағы Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша Үш жақты комиссиясының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің, Шымкент қаласының Тұрғын үй комиссиясының, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы екі қоғамдық кеңесінің: біріншісі — Аймақты дамыту өңірлік қоғамдық кеңесінің және екіншісі — Жұмыспен қамтуды және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау жөніндегі өңірлік қоғамдық кеңесінің, «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің салалық кәсіподақтары аумақтық құрылымдары өкілдерінің Үйлестіру кеңесінің мүшелері ретінде кеңестер мен комиссиялар отырыстарына қатысып, мәселелердің жүзеге асырылуына ықпал жасалуда.
«Қалың қалай бастауыш ұйымы?» атты акциясы
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының «2022 жыл – Әлеуметтік әріптестік жылы» деп жариялауына байланысты «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында Шымкент қалалық филиалымен бастауыш кәсіподақ ұйымдарында 56 кездесу өткізіліп, оған 2804 адам қамтылды. Биылғы жылы ол жалғасын табуда. Жалпы өткізілген кездесу, дөңгелек үстел, акция, семинар-кеңес, форум, іс-шара саны – 152.
Кездесу кезінде кәсіподақ мүшелерінің қал-жағдайларымен танысып, еңбек қатынастары және еңбек қауіпсізігін сақтау, ұжымдық шартты қабылдаудың маңыздылығы, әлеуметтік қолдау, материалдық және моральдық тұрғыда ынталандыру, т.б. мәселерді қамти отырып, кәсіподақ қозғалысына еңбегі сіңген кәсіподақ мүшелеріне түрлі дәрежедегі наградалар табысталған.
Жалпы 215 (7,2%) адамға моралдық және материалдық ынталандыру жасалған, атап айтқанда, жалпы 182 адамға, оның ішінде ҚРКФ наградасы 2 адамға, «Қызмет» салалық кәсіподағының наградасы 14 адамға, филиалдың наградасы 147 адамға, сондай-ақ Шымкент қаласы әкімдігінің наградасы 10 адамға және Шымкент қалалық маслихатының наградасы 9 адамға тапсырылып, 33 адамға заттай және қаржылай сыйлықтар берілді.
Шипажайға жеңілдікпен 11 жолдама берілген, оның 1-уі биылға.
Оның жалғасы ретінде 17 мамыр күні өткен атқару комитетінің кеңейтілген отырысында 30 адамға марапаттар мен сыйлықтар табысталған.