Әлеуметтік жағдайды реттеу мемлекеттің негізгі бағыттарының бірі. Әлеуметтік сала мемлекет әлеуетінің көрсеткіші.
Әлеуметтік қызмет көрсету – ол өмірлік қиын жағдайға душар болған (мүгедектік, өз бетімен өмір сүруге қабілетсіздік, жұмыссыздық, ) жандарға кешенді әлеуметтік қызмет түрлерін ұсыну.
Әлеуметтік қызмет көрсетуге жататындарға жеке азаматтар, жетім балалар, мүгедектер, қарт адамдар жатады. Таң атып күн батқанша халықтың көбі осы мекемеге жиналады. Әр қайсысы әр – түрлі мәселемен.Бірі жұмыссыздық, екіншісі әлеуметтік сұрақпен келеді.
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жолың түсе қалғанда осы көріністі көзің шалады. Бұл салада көптеген реформалар жүзеге асты. Халықтың әлеуметтік жағдайы қай кезде де бірінші кезекте тұруы тиіс. Бұл жайында Мемлекет басшысы кеңінен айтып әлеуметтік саланы көтеруге нақты тапсырмалар беріп келеді.Әлеуметтік сала – халық тұрмысының индикаторы.
Жетысай ауданында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тарапынан 2022 жылдың 5 айында бір қатар жұмыстар атқарылды.Атап айтқанда:
Ұлы Жеңістің мерекесіне орай аудан бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушысы Папков Петр Кузьмичке құттықтаулар және марапаттар табысталып 1,0 млн. теңге бір жолғы әлеуметтік жәрдемақы көмек берілді.
358 тыл ардагерлерімізге 30 мың теңгеден бір жолғы әлеуметтік жәрдемақы көмек берілді.
9 Ұлы Отан соғысының мүгедек ардагерлерінің жесірлеріне 30 мың теңгеден бір жолғы әлеуметтік жәрдемақы төленді.
145 Ауған соғысының ардагерлеріне 30 мың теңгеден бір жолғы әлеуметтік жәрдемақы төленді.
37 Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілерге 30 мың теңгеден бір жолғы әлеуметтік жәрдемақы төленді.
64 Семей ядролық сынақ полигонында ядрлық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға 30 мың теңгеден бір жолғы әлеуметтік жәрдемақы төленді.
32 Чернобыль атом электр станциясының жабылуына қатысқан азаматтарға 30 мың теңгеден бір жолғы әлеуметтік жәрдемақы төленді.
70 туберкулез ауруына шалдыққан науқас азаматтарға әр ай сайын 29170 теңгеден әлеуметтік жәрдемақы төленді.
В-20 инфекциясына шалдыққан 6 баланың ата-аналарына екі есе ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде ай сайын әр балаға (76920) теңге жергілікті бюджеттен жәрдемақы төленеді.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарына үйде тәрбиелеп оқытуға жұмсайтын шығындарды өтеу үшін жергілікті бюджеттен 220 мүмкіндігі шектеулі кемтар балалардың ата-аналарына ай сайын екі айлық есіптік мөлшерінде (6360) теңге жәрдемақы төленеді.
Аудан бойынша зейнеткерлерімізге 2022жылдың 5 айында “Ардагерлер үйінде”— 152,“Мейір” ардагерлер үйінде – 144, жалпы 296зейнеткеріміз демалып, денсаулықтарын түзеп қайту үшін жолдама берілді.
Шымкент қаласында орналасқан мүгедектерді оңалту орталығында 2022 жылдың 5 айында 17мүмкіндігі шектеулі азаматтар жолдама арқылы дене шынықтыру емін алып қайтты.
Жетісай ауданы бойынша «Инватакси» қызметін көрсету үшін 2022 жылы 5 айда қоларбада отыратын мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қызмет көрсетуде. Бүгінгі таңда 4-инватакси автокөлігі жолға қойылды және 2 – диспетчерлік кезекші, 1-медициналық дәрігер, 3-көмекші (автокөлікке мініп түсіруші)қызметшілері 246 ересек және 54 кәмелет жасқа толмаған мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қызметтер көрсетілуде.
Жетісай ауданы бойынша жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп Әлеуметтік такси Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне, жүріп тұруы қиын мүгедек балаларға, бірінші, екінші топтағы мүгедектерге емдеу мекемелеріне және қоғамдық орындарға тасымалдау қызмет көрсетуде. 2022 жылдың 5 айында 7-әлеуметтік автокөлігі жолға қойылды және 2 – диспетчерлік кезекші, 1-медициналық дәрігер, 1-есепші қызмет көрсетуде. 312 ересек және 89 кәмелет жасқа толмаған мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қызметтер көрсетілуде.
2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылған «Әлеуметтік қызметтер порталы» арқылы қажетті құралдармен қамтамасыз ету үшін және тиісті көмектер алуға мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жеке ЭЦҚ арқылы өтінімдер берілуде. 2022 жылдың 5 айында «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерді жеке көмекшінің қызметімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» қызметіне 68 өтінім, «Есту кемістігі бар мүгедектерді жылына алпыс сағат ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз етуге мүгедектерге құжаттарды ресімдеу» 135өтінім берілді. «Мүгедектерді техникалық қосымша (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» қызметіне (міндетті гигиеналық құралдарға – 987, техникалық көмекші құралдарға – 944, тифлотехникалық құралдарға – 151, сурдотехникалық құралдарға — 73. Протездік-ортопедиялық бұйымдарға -157 өтінім, кресло-арбаларға 209 өтінім берілді. «Мүгедектерді және мүгедек-балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» қызметіне 260 мүмкіндігі шектеулі азаматтар өтінім білдірді.2022 жылдың 5 айында жалпы 2984 өтінім келіп түскен. Оның ішінде 2984 өтінім «Әлеуметтік қызметтер порталы» арқылы тиісті көмектерін алды.
Бөлім басшысы А.Д.Абжанов