• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРҒА ЗЕРДЕЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Автор:admin

Июн 2, 2023
Spread the love

«AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында Қаратау ауданында орналасқан бірқатар әлеуметтік нысандарға зерделеу жұмыстары жүргізілді.
Зерделеу барасында арнайы құралған жұмысшы топ өкілдері аталған нысандарды бейімдеу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар аудан бойынша ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларға арналған әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне мониторинг жүргізуді қоса алғанда, ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін инфрақұрылымды жақсарту тиісті бойынша ұсыныстар берілді.
Қазақстанда 2025 жылға дейін Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспар, «Аманат» партиясының жол картасы және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2021 жылы әзірленген «Кедергісіз келешек» жобасы іске асырылуда.
Жоба аясында ел аумағында бейімделу бойынша 22 мың басым объекті анықталды. 2021 жылдан бастап 2025 жылға дейін жыл сайын 4400 объекті бейімделуі тиіс. 2023 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша 9 030 объекті бейімделді.
2022 жылдың қорытындысы бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін объектілердің қолжетімділігін қамтамасыз ету бөлігінде 1181 тексеру жүргізілді. 4 мыңнан астам бұзушылық анықталды, 900-ден астам ұйғарым берілді және 60 млн теңгеден астам сомаға 300-ге жуық айыппұл салынды.
Объектілердің бейімделу барысын бақылау үшін қоғамдық ұйымдардың әлеуеті пайдаланылады. Ол үшін әкімдіктер жанынан аудан және қала әкімдерінің орынбасарлары бекіткен 227 мониторингтік топ жұмыс істейді, олардың құрамына 1630 мүше кірді.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін биыл 1 шілдеден бастап мүгедектігі бойынша жәрдемақы мөлшері; мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған адамдарға; бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға күтім жасауды жүзеге асыратын адамдарға 14,5% — ға арттырылатын болады. Жыл басындағы жәрдемақылар мөлшерінің 8,5%-ға өсуін ескере отырып, жиынтығында төлемдер мөлшері жылдық мәнде 23%-ға ұлғаяды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика