2022 жылдың 5 айында 4863 отбасыға немесе 28759 адамға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленді. Оның ішінде Шартты – 4572 отбасыға немесе 27378 адамға, Шартсыз – 291 отбасыға немесе 1381 адамға. 2022 жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек алушылардың қаржысы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы төленуде.
2022 жылдың 5 айында атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардың 1-6 жас аралығындағы 4648 балаға кепілдендірілген әлеуметтік топтама тарқатылды. Оның ішінде 1-3 жас аралығында 1922бала, 3-6 жас аралығында 2726 бала.2022 жылдан бастап кепілдендірілген әлеуметтік топтама әр атаулы әлеуметтік көмек алушының ЭЦҚ (электрондық цифрлы қолтаңба) «Әлеуметтік көмек» порталы арқылы өз таңдауымен жүзеге асырылады.
2022 жылы 5 айында 2271 туу туралы акті жазбалар, 338 қайтыс болу туралы акті жазбалар, 515 неке қию туралы акті жазбалар, 23 неке бұзу туралы акті жазбалар, 18 атын, әкесінің атын өзгерту туралы акті жазбалар, 115 қалпына келтіру туралы акті жазбалар «АХАТ тіркеу пункті» ақпараттық жүйесіне тіркелді.
2022 жылы 5 айында жалғызбасты еңбекке жарамсыз 239 қарттар мен мүгедектерге, 300мүмкіндігі шектеулі кемтар балаларға және 18 жастан асқан психоневрологиялық ауытқуы бар 130адамға Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы №165 бұйрығымен бекітілген «Халықты әлеуметтік қорғау саласында үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету» Стандарты негізінде, әлеуметтік қызмет көрсетіледы.
Аудан бойынша жасы 100-ден асқан 7 қариямыз бар,оларға туракты түрде назарда және мереке күндері демеушілер тарапынан сый-сыяпаттар табыс етіледі.
Бөлімнің жанынан мүмкіндігі шектеулі кемтар балаларға арналған Жетісай қаласында орналасқан «Балдәурен» және Асықата кентінде орналасқан «Үміт ұясы» күндіз болу оңалту орталығы жұмыс атқаруда.
Бұл орталықтарда жалпы 106 бала арнаулы әлеуметтік қызметтің 8 түрі бойынша қызмет алуда. Балаларға арналған ойын, демалу, қабылдау бөлмелері бар. Топтар бала жасына ыңғайластырып жабдықталған. Оңалту орталықтары сауықтыру және әлеуметтік, оңалту іс-шараларын өткізуге бағытталған қажетті арнаулы әлеуметтік қызметтер кешенін ұсыну арқылы жан-жақты көмек көрсетілуде. Орталықтарда мүмкіндігі шектеулі балаларға Логопед, Психолог, Дефектолог, Емдік дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушысы, Дене шынықтыру мұғалімі, Музыка мұғалімі, Балалар дәрігері, Массаж жауап жөніндегі мейіраға, Тәрбиеші, Мәдени ұйымдастырушы, Әлеуметтік жұмыс жөніндегі мамандар балаларымыздың денсаулығын жақсарту және оңалту мақсатында үздіксіз қызмет атқаруда. Нәтижесінде оңалту орталықтары ашылған күннен бастап, балаларымыздың бойында оң өзгерістер өте көп. Сөйлей алмай келген балалар сөйлеп, жүре алмайтын балалар жүріп өз-өзіне қызмет көрсетіп жатқан жағдайы бар.
Аға буын және мүмкіндігі шектеулі азаматтарының жағдайын жақсарту мақсатында ауданда 2021 жылы Жетісай қаласында және Асықата кентінен «Асыл Қазына және Тең қоғам» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы ашылып өз жұмысын бастады. Орталықта қазіргі таңда 442 зейнеткер және 76 мүмкіндігі шектеулі жандар есепке алынды. Орталықта зейнеткерлерімізге және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған йога, массаж жасау бөлмесі, сенсорлық бөлме, тұзбен емдеу, еңбек терапиясы және т.б. қызмет түрлері көрсетілуде.
Демеушілерменде бір қатар жұмыстар атқарылды.Атап айтқанда бөлім жанынан ашылған «Мейірім-Шапағат» қайырымдылық дүкені арқылы2022 жылдың 5 айында әлеуметтік көмек түрінде 177 тұрмыс жағдайы төмен және көпбалалы отбасылар киім-кешекпен, 75 отбасылар аяқ-киіммен және 36 отбасы азық-түліктермен қамтамасыз етілді.
Бұған қоса аудандық мәслихат депутаттарының қолдауымен Асықата кентінде және Ж.Ералиев ауылдық округінде қайырымдылық әлеуметтік дүкендері ашылды.
2022 жылдың 5 айында 137 аз қамтамасыз етілген отбасыларға «Қамқорлық» бағдарламасы аясында 6,4 млн теңгеге демеушілер есебінен көмек берілді.
Аудан бойынша барлық бөлімдер арқылы 57 мемлекеттік қызмет көрсетілетін болса. Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы 20 мемлекеттік қызмет көрсетеді. Ол көрсетіліп жатқан аудан бойынша мемлекеттік қызметтің 35% пайызын құрайды.
Бөлім басшысы А.Д.Абжанов