• Чт. Май 8th, 2025
Популярные метки

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК НАҚТЫ МҰҚТАЖ ЖАНДАРҒА БАҒЫТТАЛУДА

Автор:admin

Май 8, 2025
Spread the love

Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше, биыл 49 567 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланған. Жыл басынан бері 9 737 адам жұмысқа тартылып, еңбек нарығындағы белсенділік артып келеді. Қаладағы жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызды, ал жастар арасындағы жұмыссыздық 3,5 пайызды құрап отыр.

— Мемлекеттік қолдаудың бір бағыты – қайтарымсыз гранттар. 2024 жылы 428 азамат өз бизнес-идеясын жүзеге асыру үшін 400 АЕК көлемінде, 1 476 800 теңге грант алған. Биыл да 260 азаматқа осындай мүмкіндік берілмек. Алайда, осы грант алған азаматтарға мониторинг жүргізу барасында 2024 жылы 36 азамат грант қаражатын нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбағандығы анықталған. Қазір олардың бір бөлігі сотқа берілсе, өзгелерімен қаражатты қайтару жұмыстары жүргізілуде. Бұл – мемлекеттік қолдаудың ашықтығын бақылауға деген нақты қадам, — дейді басқарма басшысы Жанат Өтебаева.

2025 жылы Шымкент қаласында 22 215 адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 35,1 пайызға аз – яғни, жұмыспен қамтылған азаматтар саны артқанын көрсетеді.
Ал, 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға қосымша 1,5 АЕК көлемінде (5 538 теңге) жәрдемақы жергілікті бюджет есебінен төленіп жатыр. Мұндай көмек 3 682 отбасыдағы 7 135 баланы қамтып отыр.
Дегенмен, мониторинг жұмыстары нәтижесінде АӘК алаушылар арасында да заң бұзушылықтар анықталған. Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың ішінде 228 отбасында 381 бала 2022, 2023, 2024 жылдары басқа өңірлерде мектепте немесе бала-бақшада тіркелгендігін анықтаған. Жанат Жанат Өмірсейітқызының айтуынша, бүгінде ол отбасыларға ақпараттық жүйеде қайта есептеу жұмыстары жүргізіліп, өткен үш жылдың есебі бойынша 84,2 млн теңге қайтаруға жататыны анықталған. Бүгінгі таңда 8,8 млн теңге қаржы қайта есептеу жүйесі арқылы бюджетке қайтарылды.
— «Отбасылық цифрлық картасы» ақпараттық жүйесінің мәліметіне сәйкес «D» және «Е» санатындағы отбасыларды 2025 жылы 10 пайызға, яғни 64 525 отбасыға төмендету жоспары бекітілді. Ақпараттық жүйеде 15 сәуірде бұл санаттағы отбасылар саны 59 293 санын құрады. Жыл соңына дейінгі жоспар 5 232 отбасыға асырып орындалды, — дейді басқарма басшысы.

Қазіргі таңда Шымкентте 41 970 мүгедектігі бар адам тіркелсе, оның 8 099-ы – 18 жасқа дейінгі балалар. Олардың өмір сапасын жақсарту үшін 14,7 млрд теңге қарастырылып, оңалту құралдары мен әлеуметтік қызметтер көрсетілуде.
2025 жылы қалада бірқатар жаңа нысандар іске қосылады. Соның ішінде Бозарық шағын ауданында 150 орындық жаңа оңалту орталығы салынып жатыр. Сонымен қатар, психоневрологиялық ауытқуы бар жастар мен балаларға арналған 150 және 50 орындық екі орталық мамыр айының соңына дейін ашылады.

Бұл орталықтар ерекше күтімді қажет ететін азаматтарға қолжетімді әрі сапалы қызмет көрсетуге бағытталған. Мемлекеттік және үкіметтік емес сектор арасындағы әріптестік те осы бағытта дамуда.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика